Желікпеңдер немесе "ФБ это не сила!"

Қазір Фейсбук соғыс алаңы. Ия, ақпараттық соғыс. Біреуді біреу ғайбаттап, ұрысып, болмайтын мәселені көтеріп, біржақты шешім шығып жатса «ФБ это сила!» деген желпіністерді жиі көреміз. Тіпті #клоут хештегін орынсыз пихать тықпалап, сол көрсеткішті елдің тағдырына шешуге балап жүргендер де жетеді. Жә, ол бөлек әңгіме, ал Фейсбук әлеуметтік желісі расымен біз ойлағандай шынымен мықты ма?

Блог - kozildirik: Желікпеңдер немесе ФБ это не сила!


Ашық ақпарат көздері былай дейді:

Форбс журналының Қазақстандық нұсқасының айтуынша елімізде 3,47 млн адам ғаламтор желісіне тым болмағанда айында бір рет кіріп тұрады екен. Оның ішінде ақыл тоқтатқан, яғни 25 пен 45 жас аралығындағылар 50 пайызды құрайды. Бұл мөлшермен 1,5 млн адам адекватты, саяси сауатты, азаматтық көзқарасы бар деген сөз.

Ал Қазақстанның интернет ассоциациясы осының ішінде 350 мың адам ғана Фейсбукте отыратынын айтады. Арнайы фермаларда өсірілетін фейктерді, бір рет тіркеліп пайдаланбай кеткендерді, паролін ұмытып қалып жаңа аккаунт ашқан азықауыздарды есепке алғанда нақты қолданушылар саны 25 пайызға аз екені түсінікті.

Қалғандары қайда? Олар кино қарап, музыка тыңдап, Вконтакте желісінде отыр. Сенбесең мына жерде дәл сондай есеп берген.

Ал қазір сен Фейсбукте отырып как будто дүниенің барлық мәселесін шешіп тастағандай күшенесің. Сенің әрбір лайкың, пікірің, біреумен қырылысқан көпірік дауың тұтас елдің құлағына жетіп, сені "ұлттық қаһарман" деңгейіне жеткізеді деп ойлайсың ба? Ахахахахаха…

Блог - kozildirik: Желікпеңдер немесе ФБ это не сила!
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
үкіметтегілер Фейсбукте жазылған посттардан қорқады. шындығында әсері қатты емес. Ватсап қой ең ықпалды желі
Marco
350-ақ мың??? ФБ ты меня разочаровал
asaubota
бұл ИАКтың 2011 немесе 2012дегі есебі. қазір шамамен 600-700 мың адам бар деп ойлаймын. даже миллион
AyazhanMuhatai
Сенің әрбір лайкың, пікірің, біреумен қырылысқан көпірік дауың тұтас елдің құлағына жетіп, сені "ұлттық қаһарман" деңгейіне жеткізеді деп ойлайсың ба? Ахахахахаха…))))
"Ұлттық қаһарманнан" бөлек, со посттарға керісінше пікір жазсаң "ұлттың жауы" болып кетуің де әп-сәтте)))))