Астанада қала маңына қатынайтын автобустарда жаңа тарифтік жоспар енгізілді
Астана қаласында 30 шілдеден бастап күні қала маңындағы бағдарларға тарифтік аймақтар енгізілді. Аймақтарға бөлу жүйесі электронды жолақы төлеу жүйесі жобасын енгізудің дайындық кезеңі болып табылады.
Астананың қала маңындағы территориясы 4 тарифтік аймаққа бөлінген және әрбір аймақтың ұзақтығы 15 км құрайды. Бүгінгі таңда қала маңындағы тасымал 14 маршрутпен қызмет көрсете отырып, 24 елді мекенді қамтиды.
Бұған дейін қолданылған 84 тарифтен тұратын тарифтік кесте тасымалдаушылар мен жолаушылардың жұмысын әлдеқайда қиындатқан болатын. Қала маңы территориясын аймақтарға бөлу арқылы тарифтер саны 5-ке дейін қысқартылды. Осы уақыттан бастап жолақы құны жолаушының тарифтік аймақта қозғалуына байланысты болады.
Астана қаласының қала маңы бағдарларында жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдау қызметінің бағасы Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 «Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы» қаулысына сәйкес белгіленді.
Электронды жолақы төлеу жүйесінің бірінші кезеңінде қолма қол ақшамен есеп айырысу арқылы көлік карталарын қолданбай қала маңы бағдарларындағы жолақы бағасын өзгерту қарастырылған.
Тарифтік аймақтар бойынша жолақы бағасы төменде тіркелген.
astana.gov.kz/kk/modules/material/11089
1 пікір