Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша II Еуразия кубогы өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша II Еуразия кубогы өтіп жатыр
Елордада «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша ІІ Еуразия кубогы өтуде. Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина, Нидерланды, Эстония, Израиль, Чехия, Германия, Түркменстан мемлекеттерінен, сондай-ақ, еліміздің түрлі қалаларынан келген қатысушылар түрлі интеллектуалды дисциплиналарда сайысқа түседі.

Жоба елордада, жалпы, Қазақстанда зияткерлік ойындарды дамытуды ынталандырмақ. Ойындарға басқарма мүшесі, «Не? Қайда? Қашан?» халықаралық клубтар ассоциациясының вице-президенті Александр Рубин, екі дүркін «Хрусталь үкі» иегері, «Гауһар үкі» иегері Илья Новиков, Әзербайжандағы «Не? Қайда? Қашан?» телеойынының жүргізушісі және бас продюсері, «Хрусталь үкі», «Гауһар үкі» иегері Балаш Касумов, «Не? Қайда? Қашан?» телевизиялық клубының команда капитаны Елена Потанина, екі дүркін «Хрусталь үкі» иегері Елизавета Овдеенко және т.б. қатысады.

Көпшілікке кеңінен танымал «Не? Қайда? Қашан?» телеойынының спорттық нұсқасынан басқа, қатысушылар брейн-ринг турнирлеріне, Хамса ойындарында сайысады. Сондай-ақ, кубок аясында қатысушылар Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған «Бешбармақ-party» турнирінде елімізбен етене танысатын болады.

Айта кетейік, спорттық «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша Еуразия кубогы алғаш рет 2015 жылы Алматыда ұйымдастырылған. Ойын қозғалысы елімізде 10 жылдан бері қызмет етіп келеді, осы күнге дейін қазақстандық зияткерлер түрлі турнирлер өткізді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11042
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше