Жұмыспен қамту орталығы 7 мыңнан астам астаналыққа қол ұшын созды

Астана жаңалықтары: Жұмыспен қамту орталығы 7 мыңнан астам астаналыққа қол ұшын созды

Жыл басынан бері Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 4013 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, Орталықпен 605 адам қайта даярлау және мамандығын өзгерту бойынша курстарға жіберілді, 314-і жастар практикасынан өтті, сондай-ақ, 1079 адам қоғамдық жұмыстарға қатысуда.

– Қазіргі кезде 2339 қала тұрғыны жұмыссыздар статусына ие. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмен. Былтыр бұл көрсеткіш 5,1% болса, үстіміздегі жылы 4,7% дейін төмендеді, – дейді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Күн сайын 400-ге жуық адам Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінеді. Орталық қала тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында жыл басынан бері 7 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жалпы, үстіміздегі жылы осындай 12 шара өткізу жоспарланған. Аталған шаралардың барысында құрылысшы, монтаждаушы, электр маманы, газэлектрдәнекерлеуші сынды мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары көп ұсынылады. Сонымен қатар, даяшы, бармен, сатушы және аспазшы сияқты қызмет көрсету саласының мамандары да сұранысқа ие.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11018
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше