Қыздар арасында актуалді!)

Блог - aizok: Қыздар арасында актуалді!)
Жазу үстеліне келіп, сурет салуға жинақталдым. Қылқаламымды, бояуымды, ақ парағымды дайындап… не салсам екен деп, ұзақ ойландым.
Бір кезде үстел шетінде тұрған журналға көзім түсті. Ішін біраз ақтардым. «Такая разная любовь» тақырыбымен Лия Жанның мақаласын көріп: -пффф, тағы да сол жоқ сезімді жырлап… осы ел шаршамайды екен-деп, енді болмағанда журналдың бетін жаппақ болып оқталғанымда, мақаланың ішінде көргің келмесе де, көретіндей үлкеен шрифтпен жазылған: «не лучше ли, когда у вас есть парень без цветов, чем цветы без парня?» деген сөзді оқығаным сол екен, көмейіме тұрды да қалды.
… Жоқ, мен сурет салмаймын. Дәл қазір мен, ішімде сілкініс жасаған осы сөзге қатысты ішкі толғанысымды жазамын деп түйдім. Ішім алай-дүлей. Айтарым көп. Батылым бір жетсе, бір жетпейді. Неге бұлай екенін, жазған дүниемді оқу барысында түсінерсіздер…
Биыл 23-ке келемін. Жиырманың белесін аттай бергеннен «тұрмысқа қашан шығасың?», " жігітің бар ма?" деген сыңайлы, сындарлы сұрақтар көп қойылып жүр. Мені жиырмадан асқан қыздар түсінері анық!)
Өз-өзім болып, бүгінгі күнге дейін тұрмысқа шығуды, ақ көйлек киюуді армандап, болмаса, мақсат тұтып көрмеппін. Адам, анық танымаған нәрсені қалай армандауы мүмкін? Мен түсінбейді екенмін.
Әлгінде айтқан сұраққа кездескен сайын, не айтарымды білмеймін. Айтарым жоқ болғандықтан емес, көп болғандықтан. Ұзын сонар себебіңді кім тыңдап тұрсын? Бәрінің мақсаты, әйтеуір сол сұрақты қою. Әрі қарай адам қандай ойда қалатынында шаруалары бар ма, жоқ па?.. "Өз адамым жолыққан жоқ" дейсің сосын, бар айта алатының. «Ол неге жолыққан жоқ? Ол қандай адам соншама, сен таппай жүрген?? Кәрі қыз болып қаласың! Тәкәппарланба! Көп таңдайсың! Таңдай берсең, тазға жолығасың!...»)))
Не демейді біздің жұрт!?)) Шіркіндер-ай! " Жаны ашығаннан, алаңдағандықтан" айтады да… Басқа не дейсің?)
Осы тектес сауалдар әбден титығыма тиді ме екен? Әлде, осындай сұрақпен мазасын кетіріп жүрген қыздарға болысқым келді ме екен?.. Әлде, жаңада айтылған сөздің «не лучше ли, когда у вас есть парень без цветов, чем цветы без парня?» дегені, өз көзқарасыма кереғар болғандықтан ашуландым ба екен?.. Осыны жазуға мені бір күш жетеледі. Олай болса, жиырмадан асса да, жар таңдап жүрген сияқтанып, шын туайтында жай ғана өз өмірлерін сүріп жүрген қыздардың атынан жауап берейін. Құрдастарым айып көрмес!
Ұнату-бәрімізге тән дүние. Дегенмен, қазіргіге қарағанда, бұрындары бұл дүниеге көбірек сенген сияқтымын. Бәріне арман, он сегіз жасымда, сондай бір көктем менің де көңіліме келіп тұрақтады. Бойжеткендіктен бе, бойжеткенім жайында ой жеткендіктен бе, сол бір азаматтың адамгершілігіне, ер мінезіне, ақжарқын көңіліне ешкімді ұқсатпай, ұнату легімен өлең жазып, содан кейін ешбір жанды ұнатпастай, ендігі дәл сол сияқты жан жолықпастай болған. Бірақ, «нәзіктік көңілден биік пе ең? сезімді білдіру жат маған...» демекші, өлеңіме сыйған сезім, өмірімде айтылмай, сол қалғаннан, мол қалды… Бірнеше жыл өтті. Кейіннен "әр құпияның ашылар күні бар" деп, текке айтылмағанындай, мен өлең арнап жүрген сол уақыттарда, сол жанның да жүрек кейіпкері өзім болып жүргенімді білмеппін. Алайда, ендігі кеш. Аз да болсын есейіп, ес кірген соң, өткенді қазбалап жату, тағы ерсі. Бұл оқиға солай аяқталды. Мүмкін, сол кезеңдерде сол адам батылдау болғанында, мен жиырмадан кейінгі қойылатын сұрақтарға ұшырамас па едім? Кім білсін… Ойлаудың өзі күлкілі..) Ол жылдардан бері талай адам жолықты. Талай адам көңілін білдірді. Біразының батылы жетпеді. Батылы жетіп, өз ойларын білдіре алғандар, жақсы досқа айналып, о баста түсіңнің суықтығынан, сыр білдірмейтін болмысыңнан сескеніп, бетімді қайтара ма деп бір ауыз сөз айта алмай жүргендерін, шындығында, ақжарқын, қарапайым екендігіңді айтып, кейіннен ақтарылған жандар қаншама… Не істейін енді? Болмыс та осы, бояу да осы! Суық көрінеді екенмін деп, елдің бәрінің бетіне қарап күле бермейсің ғой.
Мұны айтудағы мақсатым өз өмірімді жарнамалау емес. О баста айтқанымдай, көп қыздардың, қызғалдақтардың көңіл түкпірінде жатқан ойларын жеткізу.
Сыртқы кейіп көбінде алдамшы келеді. Адам өзінің келбетін таңдап алмасы бәрімізге аян.
Сол себептен, жанын білмей, бағалауға асықпайық. Бақыт үшін күресіңіздер! Бүгінде біреуді ұнатқан болсаңыз, мейлінше ішкі сезіміңізді айтып қалуға асығыңыз. Өкініште қалмай, тәуекелге барыңыз. Алайда, мұны қаракөз қазақтың қыздарына айтпаймын! Жан оты өшіп, жүрек тоқтап қалса да, қыз балаға әуелгі болып, сезімін білдіру-мүлдем жарасымсыз дүние! Қазақ қызы қашан да нәзіктігін, абыройын жоғалтпауы тиіс! Мен мұны ер-азаматтарға айтқым келеді! Жүрегің қалаған дүниені жасамай, батылдыққа бармай, екі есе өкініште қалғанша, тәуекелге барып, бір рет өкініште қалған артық!
«Ақылды адам-ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды» дейді ғой. Сондықтан, ақылды-батыл болыңыздар! Олай дейтінім, күнделікті өмірде де, әсіресе ғаламтор желісінде, арзан қызығушылықтың артына еріп, танымаған бойжеткенге ағынан жарылып, жоқ сезімді бар қылып, танысуға ниеттенген жігіттер легі көп көрінеді. Батыл болу сол екен деп, бей-берекет кететін жандар бүгінде жиі кездеседі. Сол себептен, алысқа бармай-ақ, өмірімде кездескен шағын жағдайлардан мысал келтірейін (бір бейтаныс жігіттің жазғаны):

Бірінші жағдай:
-Сәлем, сұлу ханшайым!
-Сәлем (ой, жағымпазым-ай...)
-Қалайсың?
-Жақсы. Өзің? (Бұрыннан таныс адамша… мәдениетті адам, бейтаныс адаммен амандасқанда «сіз» деп бастамаушы ма еді?! Мейлі, сен деген екен, сен дейік!)
-Жақсы.
-…
-Танысуға қалай қарайсың?
-Айып етпе, жоқ.
-Өкініп қалмайсың ба? Ойлан?
-… (О Құдай! Өкінетіндей өмірімді арнап қойыппын ба?)) Қатырады ә!?)))
-Аууу…
-Орманда емессің. (Оның үстіне дөрекі!)
-Мүмкін танысармыз?
-… (Не деген намыссыз еді! Өзіңнен көр! Мазалап қоймады ғой! =»Заблокировать=» Удалить из друзей! Парақшаңнан кері қайтқан лайктар)))

Екінші жағдай:
-Сәлем
-Сәлем
-Қалың қалай?
-Жақсы. Өз қалыңыз қалай? (Бұл ла сондай...(( Ал, «сіз» деп көрейік, түсінер..)
-Жақсы.
Не істеп жатсын?
-Ештеңе. (А жоқ, ұқпайды екен.)
-Не жаңалық?
-))) Еш. (Менің өзім жаңалық болып тұрмын ғой қазір))) Танымайтын адам да осындай сұрақ қояды екен-ау))
-Ммм
Таныс болайық?
-… (Бағанадан бері не бастап отырмыз сонда?))
-(Есіміңді 2-3 қайтара жазып жібереееді)
-(Несіне сөйтеді екен?? Оқыған болсам, жауап беремін. Жауап бергім келмесе, жүз рет жазса да, жауап бермеймін.)

Үшінші жағдай:
-Сәлем
-Сәлем
-Қалыңыз қалай?
-Жақсы, рақмет.
Өз қалыңыз қалай?
-Жақсы, шүкір.
Не істеудесіз?
-Кітап оқып, тв көріп, муз. тыңдап т.б. (Не істеп жатсаң да, осылардың біреуін жазасың, әйтеуір))
-Ммм.
-Сіз?
-Мен де.
-Қайда оқисың?
Қайда жұмыс істейсің?
Қай жақтансың?
Осы тектес сұрақтар легі кетееді сосын. Отырасың сауалнама толтырғандай болып...)) Кейде, көңілге қарап, достықтарын қабылдап аласың да, осылай келе беретін беймаза, бір сарынды сұрақтардан жалығатыным соншалық, ееең қысқа биографиямды көшіріп, жібере саламын.
Ал шындығында, айтпағым, мүмкін ғаламтор арқылы кездесіп, отбасын құрып, өз сыңарына жолыққандар бар шығар. Дегенмен, шын сезімді ғаламтордан іздеу-бұл мен үшін барып тұрған ақымақтық! Отбасын құру-өте жауапты қадам екенін ескерсек, жолыққан жан сенімен өмір бойы ғұмыр кешетінін ескерсек, және сол адам болашақ балаларыңның әкесі, болмаса, анасы екенін ескерсек, бұл жағдайға қалай болса, солай қарай алмайтынымызды да ескерген жөн!
Мейлі көп таңдайсың десін! Таңдау керек! Өйткені, бұл сенің өмірің! Сенің өзім деп тапқан адамың-болашақ балаларыңның әкесі! Оларға берілетін тәрбие! Сенің ең жақын болуы тиісті адам! Сенің тірегің! Сенің келешегіңнің сапасы! Түптеп келгенде-сенің жан жолдасың! Сен тек ол адамға тұрмысқа шығып қоймай, түбегейлі өміріңді өзгертесің!
Таңдау деген сол екен деп, біреуден-екіншісіне, екіншісінен-үшіншісіне, гүлге қонған көбелектей ұшып-қонып жүрген қыздар қаншалық! Шындығында, мына жарық әлемде бізге тиесілі-Ар ғана! Егер ардан айырылсақ-бардан айырыламыз! Онда біздің ешкім болмағанымыз!
Жанға талғампаздық-жүрек тазалығының биік сатысы!

Аяулы қыздар, қай уақытта да, қандай жағдайда да, болашақ ана екендеріңізді ұмытпаңыздар! Ойлаған адамның жолықпауы-жолыққанның бәріне жол беру емес! Бүгінгі жасалған әрекеттер үшін, ертеңгі күндері жауап беретіндеріңізді жадыларыңызда сақтаңыздар! Шынайы баққа сеніңіздер! Сол сенімдеріңізге лайық болыңыздар!

Ардақты азаматтар, ұлттық мүддені қорғаңыздар! Қыздардың қылығы-тікелей сіздерге байланысты! Сіздер нені бағаласаңыздар, қыздар соны жағалайды! Түрлі-түстінің бәрі гүл емес! Түнергеннің бәрі-түн емес! Тани біліңіздер! Бәрі де өз қолдарыңызда! Ақылды-батылдық тілеймін!

Құрметтілерім, жандарыңызда жүрген адамға «барлап» қараңыздар! Бақытыңызды көресіз бе? Көрсеңіз, қуаныштымын! Сөзбен абай болыңыздар! «Кәрі қыз, сұр бойдақ» болып қалу қорқынышы-ентелеп, ерте келген кемшіліктердің бастауы болмасын! Байқағыш болыңыздар! Ұмытпаңыздар, Құдай ешкімді ұмытпайды! Тағдырды асықтырмаңыздар! Жоқ іздеп, қапаланып, барды көрмей-көр соқырлыққа бой ұрмаңыз! Әркімге бұйырған бақ бар! Сабырлы болу-ең ұлы бақыт!

Бүгінде ойымызды сан-саққа жүгіртіп, әр нәрсеге бір елтіп кететіндей менмұндалап тұрған жылтырақтар көп. Сәл аяңдап, айналаңызға қараңыз. Ой жүгіртіңіз. Қайғырмаңыз!
«Жап-жас пессимисттің түрінен асқан қайғылы көрініс жоқ» дейді. Онсыз да, толғандырар, ойға батырар жайы көп жалғанда, жарқын жүзімізді мұң шалмасын!
Адамдардың ішінен адамды, сол адамнан ғаламды көрсеңіз, өз адамыңызды жоғалтпаңыз! Күресіңіз! Кеш қалмаңыз! Ақиқатында, бәріміз де ет пен сүйектен жаратылған, қарапайым адамдар екеніміз анық. Артық айтылған сөздер болса, айып етпеңіздер! Жауапкершілігін өзіме алдым, жеткізер жан болсын деп! Ертеңіме сенемін!
Бөлісу:

20 пікір

Пікір өшірілді
asaubota
интеллектіңіз, сөз саптауыңыз ұнап бара жатыр :)
MERmukhanov
интеллектіңіз, сөз саптауыңыз ұнап бара жатыр :)
Nodar
А мен Сізге рухани ғашық болып жатырмын.
ken
сізде де осындай жағдай ма?
Nodar
Ойымды жазып едім кішкене детальнееб коммент жіберілмей қалды. Енді ерініп қалдым
ken
Отырасың сауалнама толтырғандай болып...)) Кейде, көңілге қарап, достықтарын қабылдап аласың да, осылай келе беретін беймаза, бір сарынды сұрақтардан жалығатыным соншалық, ееең қысқа биографиямды көшіріп, жібере саламын.
:D
sundetbek
Озекти! Жигиттерде катысты маселе!
Serzha
Таңдау керек дейсіз. Бірақ ол үшін кездесулер қажет. Сөйтіп, «ломаться» етпей, шанс бересің. Көп кездесе берген сайын, артыңнан көп сөз айтыла береді.
aizok
Бәрі де өзіңізге, адамды тануыңызға байланысты)
InabatKussainova
Қазір қыздардың көбісі отырып қаламын деп ойланбай күйеуге шығып, артынан өкініп қалады. Менің ойымша, асығудың қажеті жоқ. Әр адамның бұл өмірде екінші жартысы бар ғой. Бұйырғаны болар. Виртуальді танысуға мен де сене қоймаймын. Шынымен де бәрінің жазары бір сол. Тіпті кездеспей жатып вкада сезімін білдіріп жатқандар да баршылық. Көрмеген, танымайтын адамды суретіне қарап сүйіп қалу дегенге сенбеймін. Шынымен де сіздің қозғаған мәселеңіз қазіргі кезде актуальді.
VKM
Kerekte tuk ozgermegen)
ken
Өзіңде не өзгерістер боп жатыр? Айта отыр
VKM
О, кен) Ұлым өсіп қалды, жүрейін деп жүр. Магистратура бітірдім. Шаршааааап,ұйқы қанбай жүрген)))) Сенде не жаңалық? Ақу тұрмысқа шығыпты ғой. Айгера,құтты болсын! Жездеміз кім екенін білмедім тек)
Rozatai
Маладес! Ана болған қалай екен, ВКМ? %)
VKM
Роза,әрине ана болу бақыт!