Астанада жауынгерлік өнер фестивалі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жауынгерлік өнер фестивалі өтеді

«Дәулет» ұлттық теннис орталығында екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады.

Фестиваль бағдарламасы бойынша көрермендер назарына 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай (тайс боксы), вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань, пекити-тирсия кали.

Биыл шараға аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады. Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ. Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды.

Сонымен қатар, 29 маусымда екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің қатысушылары Астана қаласының спорт мектептерінің шәкірттеріне арналған шеберлік дәрістерін өткізеді. Олар тай боксының ерекшеліктері мен артықшылықтарын іс жүзінде көрсетіп, жаңа бастап отырған спортшыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше