Ә. Жақсыбеков: Халықпен байланыс барынша тығыз әрі сенімді болуы тиіс

Астана қалалық әкімі халықпен байланысты барынша үзбеуге тырысады. Қала әкімдігінің сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары әкімдік пен халық арасындағы кері байланыстың тамаша мысалы. Бұл айдарларға да азаматтардан өтініштер көптеп түседі, Жыл басынан бері сайтқа 3,5 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен, оның басым бөлігі ТКШ қызметі, аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көлік қою ережелерін бұзу және жолаушылар тасымалдау мәселелеріне қатысты. Өтініштер арнайы тақырыптарға бөлініп, тиісті департаменттерге жолданып, жылдам әрі толық жауап беруін қадағалап тұрады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Бірыңғай байланыс орталығы «109» қызметіне 122 мыңнан астам өтініш жолданған, олардың айтарлықтай бөлігі тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерге қатысты болған. Маусымның 6-күні Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында өтініштерді қарау мерзіміне және берілген жауаптардың сапасына баса назар аударды.

Астана жаңалықтары: Ә. Жақсыбеков: Халықпен байланыс барынша тығыз әрі сенімді болуы тиіс

«Көтерілген мәселелердің барлығын мүміндігінше тез шешу керек. Тұрғындар өз мәселелерінің шешілетініне сенімді болуы керек. Егер объективті себептермен біз ол мәселені шеше алмайтын болсақ, онда тұрғынға жағдайды түсіндіріп, уақытылы жауап қайтару керек», — деді елорда әкімі.

Ә. Жақсыбеков көптеген өтініштерге мерзімінде жауап бермеген басқармалардың басшыларына ескерту жасады.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар жауапкершілікті бір-біріне жүктеп, туындаған мәселені шешуді созып жіберетін жағдайлар болады.

Ә. Жақсыбеков елорда тұрғынының Шұбар шағын ауданында жағалаудағы абаттандырудың бүлінуіне қатысты арызын мысал ретінде келтіріп, аталған проблеманы жақын арада жоюды тапсырды.

Аппарат отырысында осы сияқты мәселелерді сөзсіз шешу керек екендігі атап өтілді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше