Астаналық "Мерейлі отбасы" анықталды

«Мерейлі отбасы» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Бейбітшілік және Келісім сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қобылбаевтар мен Салықовтар әулеті бірінші орынды өзара бөлісті.

Астана жаңалықтары: Астаналық Мерейлі отбасы анықталды

Шараның ашылуында өткен жылғы байқау жеңімпаздары Жүгінісовтар отбасы музыкалық тарту жасады. Қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Дос, Ерболат Төлегенов («Әзіл әлемі») және т.б. астаналықтарға керемет көңіл күй сыйлады.

Елордалық үздік отбасыларды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев марапаттап, қатысушыларға өз алғысын білдірді:
— Тұтастық, өмір ырғағы, осы жылдары қалыптасқан дәстүрлер елордамыздың қазіргі тыныс-тіршілігінің бейнесі. Баршаңызға табыс тілеймін, біз сіздерді мақтан етеміз!

Байқау жеңімпаздарының бірі әртістердің отбасы Салықовтар музыкалық сәлем жолдады.

Астана жаңалықтары: Астаналық Мерейлі отбасы анықталды

11 бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты Қобылбаевтар келушілерді өз отбасыларының көп ұлттылығымен және біртұтастығымен тәнті етті.

— Жұбайымыз екеуіміз үйленгенде отбасымыз үлкен болады деп бірден келістік. Тағдырдың жазғанымен, 9 жыл бала сүйе алмадық. Тұңғышымыз дүниеге келген жылы Балалар үйінен төрт баланы асырап алдық, кейіннен тағы үшеуін алдық, қазіргі кезде біздің 11 баламыз бар, оның ішінде, орыс та, қазақ та, украин да, түрік те бар, — дейді отағасы Мұрат Қобылбаев.

Қобылбаевтар әулеті отбасылық би ансамблін құрған, соның арқасында балалар түрлі ұлттардың биін де, тілін де меңгереді. Балалардың бәрі де қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары енді республикалық байқауға дайындалады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше