Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

Жеңілдікті санаттарына жатқызылған азаматтар атаулы көлік карталарын 3-15 маусым аралығында Республика даңғылы, 31 мекен жайы бойынша «Жастар» сарайында орналасқан пункттен алуына болады.

Көлік картасын алмаған азаматтар жеңілдікпен жүру құқығын растайтын құжаттарды көрсетіп, қоғамдық көліктермен (қала маңына қатынайтындардан басқа) тегін жүре алады. Ал мамыр айында фототіркеуден өткен азаматтар көлік карталарын аталған пунктен алып кете алады, фототіркеуден өтпеген азаматтар жақын арада ашылатын арнайы кассаларға жүгінуі керек.

Жалпы, азаматтардың жеңілдікті санатына арналған 54 мың атаулы көлік картасын беру жоспарланған. Қазіргі кезде 42 мың карта таратылды.

Астана жаңалықтары: Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

Естеріңізге саламыз, карталар тегін, сондай-ақ, елордалық бағдарлар — қалалық және экспресс маршруттармен (қала маңына қатынайтын маршруттармен жүру оқушылар мен жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін ақылы болып қалады) жүру үшін толтыру қажеттілігінсіз таратылады.

Еске салайық, 4 мамырда Astra Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында азаматтардың жеңілдікті санаттарына көлік карталары беріле бастады. Ережелерге сәйкес, Астана қаласының тұрғындары және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қалалық филиалынан әлеуметтік төлемдер алатын азаматтардың төменде көрсетілген санаттары қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді:

— жасына қарай және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер;

— жасына қарай зейнетке шыққандар және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

— көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар;

— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

— ҰОС қатысқандар мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар;

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше