Командалық жұмыс туралы

Команда ол – жалпы мақсаты бір, шеңбер ішіндегі топ. Өзара іс-қимыл адамдар тобы, күш-жігерлері біріктірілген, жалпы мақсатқа қол жеткізуші топ. Команда сенім мен ынтымақтастықтан тұрады. Команданың басты қағидаттары «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» болуы тиіс. Сонда ғана көздегеніңе жетесін.
Блог - 12345678zz: Командалық жұмыс туралы
Командада жұмыс істер кезіңде, міндетті түрде бір жұдырықтай үйлесімді түрде жұмыс атқару керек, себебі олардың мақсаттары бір, істейтін істері ортақ, ойлары да бір жерден тоғысу керек. Идеялар ортаға салынып, сараланып, атқару кезінде барлық істі бірігіп жасап, жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындап, істелген ісіне жауапты бола отырып, өзгелерге де көмек қолын созу керек. Командада бөтен жоқ, бәріміз біріміз үшін жұмыс істелуі қажет. Жеке мүдде қаралмайды, тек жалпыға бірдей бір мақсат, сол мақсатқа жету жолында еңбек ету. Бір ұйым, ол — бір команда, ал командада басшылық пен қызметкерлердің арасында үлкен түсіністік қажет. Олар бір-біріне жаулар емес екендігін білген жөн.
Блог - 12345678zz: Командалық жұмыс туралы
Командада міндетті түде бір лидер болуы шарт. Оның рөлі- үйлестіруші, күйін келтіруші, жетекшілік жасау, ұйымдастырушы. Жақсы басшы өз командасын құрметтейді және әрбір қызметкерімен ақылдасады. Ал жақсы команда жетекшісімен барлығын бірге ойласады және жетешісінің шешімін талқыламайды, тек орындайды.
Егер Сізде жақсы отбасы бар болса, онда команда – бұл әлемде ең мықты отбасы. Бәрі дос, бәрі бір-бірін жақсы көреді, барлығы бір-біріне көмектеседі. Міне команда деген осы.
Бөлісу:

8 пікір

Rafaello
Қызмет орныңыздағы команда қалай?
MeihuaZheng
команда жұмылдыру саласының маманысыз ба?
sembievruslan
Жоқ, маманы емеспін! жәй ғана тілеулеспін
MeihuaZheng
а то "үйту керек, бүйту керек" деп нетіпсіз да… ойладым, маман ба деп
sembievruslan
қалауым ғой, командам болған кезде қолданамын. Әзірге ойыма түртіп қойдым
Nodar
Командамен жұмыс жасай алмайтындардың бірімін. Өзімді бәрінен ақылды сезініп, басқа мүшелердің жасаған істеріне көңілім бітпей.
asaubota
интровертсіз бе?