Заманауи деген осы шығар?!

Блог - MamaAya: Заманауи деген осы шығар?!… Ой, «біздің апай!» деген-киелі ұғым еді, керемет тұлға еді, идеал еді. Түсінігім бойынша, ол кісі үнемі қара юбкасы мен ақ кофтада, шашы үнемі бұйра, көзі күліп тұратын ұйықтамайтын, демалмайтын, туалетке бармайтын, есінемейтін т. с.с тек балдарды оқытуға арналған тіршілік иесі еді мен үшін.Ренжітуге қатты қорқатынмын. Староста етіп сайлағаны мен үшін Өзімді ең ең ең деп санатқызушы еді. :j:j:j
Ал қазір сол түсінік өзгергелі біраз болған, даже балам сабаққа баратын, жақында 1 сынып аяқтағалы отырған кезге де жеттім. Шүкір!)))
Бірақ, қазіргі 1 сыныптағы баламның «біздің апай!» туралы түсінігі де, сезімі де тіптен басқаша.Мүмкін бұл заманауи түсінік шығар?!
Өзім оқушы кезде ата-аналар жиналысына қатысып көрген емес едім, ал қазір қатыссам базардың системасына ұқсастау бірнәрсе сияқты. Апайымыздың жиналысты ашатын 1 девизі бар. «Біз ешнәрсеге ақша жинамаймыз!»Басында ,-Ия, директорға кіріп жүріп бұл апайды таңдап, осы апайға ілінгеніміз қате болмапты, иманы барV_v жан екен ғой, Папасымен қазақ мектепке берем!-деп босқа таласып, жеңіп, бермеген болып шыққаным ғой деп қалып едім.))) Сөйтсем, әдеттегідей, алғашқы пікір-қате болып шыққаны-ай. Сол жиналыстарда баланың тәртібі, білімі туралы ғана әңгіме болады да, сол күні кешке, ватсапта ақша береді-ау деп таңдалған біраз ата-аналардан құралған «1 супер мамочки» дегенгруппада ата-аналар комитетінің комитет төрайымы болып сайланған мен қатарлы 1 келіншектен смс келе бастайды.) «Класқа жалюзи алу керек еді, кішкене айна әперсек қой, баламыз үшін ескі вешалканың орнына Заманауи вешалка алсақ қой, баламыз үшін сұйық сабын алып тұрсақ қой, баламыз үшін сыныпқа оформление жасап берсек қой и т.п. » Ия, ия деп қояды қалғаны.))) Как всегда, көп сөйлейтін, сұрағы таусылмайтын, бостан босқа келісе салмайтын МЕН: -Апай осыншалықты қажеттіліктер тұрғанда, неге ақша жинамаймыз?!-дейді екен, ашық айту керек емес пе? бұл нәрсенің балығын ол кісі айтпаса сіз қайдан білесіз, құр жағымпаздану болмасын! Сіз айтқандай, баламыз үшін ақша не жалко, берерміз, бірақ, ақша бере алмайтын ата-аналардың баласы мен біздің балалардың арасында жік пайда болып, зиянымыз соларға тиеді емес пе?! дегенім сол еді, ешкім жауап бермеді, ертесі таңертең оянсам, группадан шығып кетіппін*lol**lol**lol**lol*
Ал балам 1 қате үшін 4, 2 қате үшін 3 алатыг болып кетті.%)%)%)%) Келесі жиналыста байқасам, класта жаңа вешалка, айна пайда бопты. :) Жалюзиге ақша жетпеген болса керек, алынбапты. Жиналыс соңында, сұрағым бар деп, осы класқа жалюзи керек деп естіген едім, бағасы қанша екен, қаншадан жинаймыз, ұйымдастырғанымыз дұрыс шығар?!-деген типа ұсыныс жасадым. Сөйтсем ол 34,000 тұрады екен.%)%)%) Ал класта 25 оқушы. Әр балаға 1200 ден жинасақ жетіп артылады, артылғанға анау-мынау деп тағы ана комитет төреайымы қақсай бастады. Как всегда, төтеннен ешкім күтпеген сұрақты қойдым:D Сонда, бұл кабинетте 1 ғана сынып оқиды ма, әлде түс қайта оқитын тағы 1 сынып бар ма? бар болса, неге 2 сыныпқа ортақ кабинет үшін 1 сынып жауап беруі қажет?
Ешкім үндемей қалды. Ар қарай жалғастыра бердім, ол сыныпты да іске қосайық, қанекей, 600 теңгеден жинайық, тең жартысын олар берсін, сонда, ешкімнің қалтасына ауырлық та түспейді. Әрі, бере алмағаны үшін ешбір ата-ана өзін кінәлі, қарыз адамдай сезінбейді ғой?! Ия, расында көп ата-ана бұл туралы бірінші рет естіп отыр, ешкім де қарсы шықпады, бірден 600 теңгедін беріп шықты, ал мен жазып отырдым тізімін. Түс қайта оқитын сыныптың апайымен жолығып, олар да тура солай 600 теңгеден жинап, класымыз әдемі жалюзилі болып қалды. Бірақ, бірақ балам мен апайы екеуінің арасында тартылыс күші емес тебіліс күші басым болып кетті.%)%) Сурет мектебі мен домбыра сыныбында оқып жүрген, музыка тілін жақсы игеріп келе жатқан, сольфеджио ағайы керемет мақтап, бағалап емтиханнан 5-ке өтетін, сурет салу өнеріне тамсантып апайларына бас шайқатып жүрген кішкене баламды " Әліппені игере алмайды деп, жауапсыз деп" айтатын ескертулері мен пікірлері ақылға қонымсыз-ақ.%)%)%) Тілімнен таптым ба екен? Бекер супер мамочки болып, лидер баланың анасы болып, ақша беріп отыра бермедім бе екен?!
Директор: "Қарындасым, жалтыраған бәрі алтын емес, таңдаймын деп тазыға жолғасың деген"-деп, басқа жас апайды рекомендеген еді. Ия, тазға жолықтым.%)%)%) Енді 2 сыныпта ауыстырамыз деп, басқа мектеп таңдап отырмыз. Тағы да парик киген таз боп шықпаса екен…
Бөлісу:

17 пікір

MeihuaZheng
тупой мұғалімге кез болмасын деп, спецом бала туудан саналы түрде бас тарттым
Olzhass
бала тумауға жалғыз себеп па сонда?
MamaAya
Олжас, сендердің мектеп те жақсы дейді, бірақ, айта беред, айта беред, жұрт))
Olzhass
ия, құрғақ сөз басым боп кетті. ештеңе айта алмаймын мен де қазір)
Olzhass
дұрысы, білгеніңше үйретіп, шамаң жетпеген жерлерде репетитор жалдау сияқты, ИМХО
MamaAya
Ия, репетитормен оқытып, амалсыз үздік болып келе жатыр. Үй жұмыстарын сол қосымша апайымен бірге жасайды. Мен білмейтін амалдармен шығарады есепті. Бұрын вроде Қай-ық деп буынға бөлсек, қазір почему то қа-йық боп кетіпті, қау-ын сияқты еді, қа-уын боп кетіпті. Вообщем менің оны оқытуға 2 ЖОО бітірген дипломды білімім жетпейді екен.:):):)
MamaAya
Талғамға немесе таңдауға талас жоқ).
asaubota
біз жыл басында 1 жылға деп 5000-нан жинап тастадық. сыныпқа мүлік алынбады, тек балаларға қатысты іс-шараларға жұмсалды ол ақша. басқаларын білмедім, біздің мектепте ақша жинатпайды
MamaAya
Ия, оқу жылының басында классная копилкаға 5,000 бергенбіз.
И біздің де мектеп ақша жинамайт как бы...%) Қаладағы алдыңғы 5 мектептің 3-шісі деген директордың девизі)))
ken
ақша жинамайтын мектеп тапқанша ауыстыра бересіңдер ма сонда *lol*
MamaAya
понятиеңе болайын, Кен. %)
RaymbekEgemberdiev
Эх, қолында кішкентай билік болса да пайдаланып қалады әйтеуір, билік оқушыларға қатысты болса да )
merekeee
Кейбір ата-ана өздері бастайды ғой сол бір түйір баласы үшін шашып-төгіп, көпбалалылар қиналып қалады. Мемлекеттен бөлінетін ақша не үшін сонда…
MamaAya
Сол ғой сол, ең реніштісі ватсапта и мен й-дің орналасуынан бейхабар "қаяқта" мен «бұяқталардың» балалары кілең 5-'ке оқиды. Олармен салыстырғанда кішкене сауаттырақ екеніме шукір!!! бірақ баламда 3 пен 4 басым.
Ақшаға бола қойылған өтірік 5 те жаман. Ақшаға бола білгенін бағаламай, баланы тексермей, оң терісін ажыратпай койыла салынған 3те жаман…
)))
asaubota
комиссия құрамына кірген жоқпыз. апайына сыйлықтар да жасамаймыз. бала таза өз еңбегімен жақсы баға алып жүр 8-)
asaubota
ақша жинамаймыз деп ерте айтып қойыппын. алдыңгүні 500 теңгеден тапсырдық. ремонтқа екен. еще апай айтыпты комиссиядағы қатындарға «мектеп алдында емес, сыртына барып жинаңдар, мектепте ақша жинауға болмайд» депті *lol*
MamaAya
*lol**lol**lol**lol*
жұққан ғой…