Елорда көшелерінде жол белгілері жаңартылады

Астана жаңалықтары: Елорда көшелерінде жол белгілері жаңартылады
Елорда көшелерінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар белгілер де жаңартылады. Қазіргі кезде жолдардың 17 учаскесінде белгілер қайта салынды. Қалада жол жабынын таңбалау бойынша жүргізілетін жұмыс ауданы 200 мың шаршы метр жолды қамтиды.

Бүгінгі таңда І. Есенберлин көшесінде (Ы. Алтынсарин көшесінен Республика даңғылына дейін), Орынбор көшесінде (Хусейн бен Талал көшесінен әуежай тасжолна дейін), Т. Рысқұлов көшесінде (Орынбор көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін), Тәуелсіздік даңғылында (Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Пушкин көшесіне дейін), Нәжімеденов көшесінде (Тәуелсіздік даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін) жол үстіндегі белгілер жаңартылды.

Сонымен қатар, А. Байтұрсынов көшесінде (Сарайшық көшесінен Қ. Аманжолов көшесіне дейін), Қабанбай батыр даңғылының батысы мен шығысында, Қ. Мұңайтпасов көшесінде (М. Жұмабаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін), Б. Момышұлы даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін), «Ақ Орда» жолында, М1 көпірінде (Б. Момышұлы даңғылынан Түркістан көшесіне дейін), әуежай тасжолынан Cтелаға дейінгі жол жабынын таңбалау жүзеге асырылды.

Мұнымен қоса, мамыр айының соңына дейін Б. Момышұлы даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін), Сарайшық көшесінде (Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін), Түркістан көшесінде (Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейін) тиісті жұмыстар аяқталмақ.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10545
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше