17-18 мамыр күндері Астанада күн суытады
Астана ауа-райының құбылмалығына елорда тұрғындары үйреніп кеткен. Дегенмен алдағы күндері қамданып, жылы ким-кешектеріңізді әзірлегеніңіз жөн. «16 мамырда Астанада көбіне жаңбыр түрінде жауын-шашынды болады, 17-18 мамырда түнде -1...-3 градусқа дейін суытады», — деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауа температурасы төмендейді.
Синоптиктердің болжамы халық даналығымен де тұс келеді. Айдың туып, тоғысуын, жұлдыздардың жайын бағамдап отыратын қазақ халқының көріпкелдері мен жұлдызшылары мамыр айындағы суықтарды былай болжаған:
Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы он-күндігінде 1-2 күнге созылған суық болады. Бұл дала (су) құстарының жұмыртқасынан балапанын шығаратын кезі. Сол себепті осы мезгілді халық «Қызыл жұмыртқа» деп атап кеткен.
Құралайдың салқыны. Көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай қатты суық жел тұрады. Ол жерді біршама кептіргенімен, оны қатты суытып жібереді. Осы кезде киіктер лақтап болып, құралайын суық жерден тұрғызып, жүгіртіп өргізеді. Киіктердің төлдеуі 2-3 күнге ғана созылады және де олар енесі өлген басқа лақтарды да емізе береді, әрі мыңдаған лақтардың ішінен өз баласын адаспай табады. Мамыр айының аяғында болатын осындай суық күндерді «Құралайдың салқыны» деп атайды. Қазақтар құралайдың салқынын күтіп, одан да сақтанады.
Үркердің батуы. Маусым айы басталысымен үркер мүлде көрінбей кетеді де, 40 күн шілде басталады. Халқымызда «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» деген қанатты сөз бар. Үркердің көрінбеуін халық «үркердің жерге түсуі» деп те атайды.

Пікір жоқ әзірше