«Жастар» сарайында Астана қаласы әкімінің кубогы үшін «Бәріміз ән саламыз!» караоке чемпионатына кастинг өтеді
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырып отырған музыкалық жоба 16 жастан жоғары талантты орындаушыларды оған қатысуға шақырады. Музыкалық білімі болған-болмағанына қарамастан, тілек білдірушілердің бәрі де өзінің сүйікті әндерінің бірін орындап, іріктеуден өте алады.
Кастингіден өткен талантты орындаушылар үшін вокал бойынша тәжірибелі оқытушылармен тренингілер, жұлдыздармен шеберлік сабақтары және басқа да шаралар өтеді.
Чемпионат ережесіне сәйкес қатысушылар үш топқа бөлінеді: «музыкалық білімімен 16-дан 30 жасқа дейін», «музыкалық білімі жоқ 16-дан 30 жасқа дейін»; «музыкалық білімі бар-жоғына қарамастан 31 жастан жоғарылар үшін».
Ұйымдастырушылардың айтуынша, финал 2016 жылғы 5-6 шілде күндері Астана күнін мерекелеу кезінде болады. Үш топтағы жеңімпаздар «Караоке чемпионы-2016» атағына және ақшалай сыйлыққа ие болады. Ең көп балл алған қатысушы Астана қаласы әкімінің кубогын иеленеді.
«Бәріміз ән саламыз!» караоке чемпионаты алғаш рет Астанада 2015 жылы өтті. Оған екі жүзге жуық өтінім қабылданды. Оның қорытындыларымен Денис Ни, Нұрлан Төкенов және Милана Серікова жеңімпаз атанған болатын.
inform.kz/kaz/article/2903535
Пікір жоқ әзірше