Үздік стритболшылар Астанада кездеседі
Жазда астаналықтарды керемет спорттық думан күтеді. 1-5 маусымда елордада стритболдан Әлем біріншілігі (FIBA 3х3 U18 World Championships) өтеді. Оған 30 астам мемлекеттің спортшылары қатыспақ. Ойындар «Астана Опера» театры ғимаратының жанындағы алаңда өткізіледі.
200 астам спортшы көше баскетболын ойнайды. Жарыс барысында ерлер мен әйелдер командалары төрт топта шеберлік байқасады. Қазақстанның ерлер құрамасы «С» тобында өнер көрсетіп, Румыния, Индонезия, Италия және Қатар команаларымен күш сынасатын болады. Еліміздің әйелдер құрамасы Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша командаларымен «В» тобында кездеседі.
Әлем біріншілігін ұйымдастырушылар – Қазақстан Стритбол лигасы (SLK), ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы және FIBA 3х3.
– Көше баскетболы немесе стритбол қазіргі заманғы урбан мәдениетінде – ең демократиялық спорт, оны жастар ойнайды. Стритбол адамдарды біріктіріп, оларға сенім береді, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге құштарлықты оятады, – дейді SLK президенті Нұрлан Құсайынов.
Көрермендер назарына стритболдан 3х3 форматындағы кездесулер мен ойын-сауық бағдарламалары ұсынылмақ. Баскетбол мен стритворкауттан шеберлік дәрістері өткізіледі, чирлидерлер, брейкдансерлер мен урбан-мәдениетінің басқа да өкілдері өнер көрсетпек. Елордада алғаш рет баскетбол фристайлер және ұшатын акробат-баскетболшылар командалары өз шеберліктерін ортаға салады. Әртістер қала қонақтарын еліміздің ұлттық колоритімен таныстырады. Ал кішкентай астаналықтар үшін арнайы аймақ ұйымдастырылады.
Айта кетейік, осы күндері бұқаралық турнирлер, соның ішінде Астана кубогы өткізіледі. Жарыстарда 10 жастан асқандардың барлығы бағын сынай алады.
Шаралар белгілі диджейлердің хиттерінің сүйемелдеуімен өткізіледі. Шараның ашылуында қазақстандық және ресейлік урбан-жұлдыздар өнер көрсетеді.
Жарыс 1 маусымда сағат 13:00 басталады. Спорттық додаларды Kazsport телеарнасынан және FIBA-ның Youtube-тағы ресми каналынан тікелей эфирден тамашалауға болады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10529
Пікір жоқ әзірше