Астана әкімдігінде этномәдени бірлестіктердің жұмыстары талқыланды
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында республикамыздың жоғары өкілдік органының тоғыз депутатының қызметі сөз болды. Сондай-ақ, отырыс барысында Астанада Достық үйін құру идеясы да талқыланды.
– Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз адам сайланды. Біз депутаттық корпустың ниетін қарап, ҚХА-ның Парламенттегі тобын құрдық, оған 107 депутаттың 31-і енді, оның ішінде барлық партиялардың өкілдері бар. Топ «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қабылдауға орай құрылды – бұл ұлттық идея, аталған топ басты алты бағыт бойынша жұмыс істейді. Жұмыс жоспары айтарлықтай, оны ҚХА сайтында жариялайтын боламыз, – деді В. Божко.
Оның айтуынша, депутаттық қызмет аясында ҚХА атынан сайланғандар бірнеше құралға ие – регламент бойынша менистрліктер мен ведомстволардан қандай да болмасын мәселелерді шешуді талап ету, үкіметтік сағат ұйымдастырып, сайлаушылар мүдделі болып табылатын проблемаларды тыңдау, көшпелі отырыстар өткізу.
Сонымен қатар, барлық этномәдени орталықтардың жұмысымен байланысты ақпаратпен, жетістіктермен, ұсыныстармен алмасу бойынша ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Бұл облыстық филиалдарда ҚХА аясында мазмұнды жұмыс істеу үшін жақсы әдістермен және тәжірибемен бөлісу үшін қажет.
Бұл ретте В. Божко қызмет саласына жастар орталықтарын тартуға баса назар аударып, бірлескен мерекелер мен шараларды жиі өткізуге, этномәдени орталықтарда үштілділік бойынша белсенді жұмыстар жүргізуге, бұрын қабылданған заңдарды пайдалануға шақырды.
– Осындай заңдардың бірі – меценаттық туралы. Қайырымдылық көрсетушілер ақша салатын қорлар құруға болады. Мысалы, ол ақша балаларды басқа елдерде өтетін шараларға апаруға жұмсалуы мүмкін, – деді В. Божко.
Сонымен қатар, Астанада Достық үйін құру мәселесі көтерілді. Божконың сөзіне қарағанда, Бейбітшілік және келісім сарайын жалдау ақысын төмендету керек, не болмаса Достық үйін құру мәселесін қарау керек.
– Барлығы бір жерде болғаны дұрыс, сонда тәжірибе алмасады, ортақ мерекелер ұйымдастырады, — деп санайды В. Божко.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10531
Пікір жоқ әзірше