Қалалық филармонияда музыкалық концерттер өтеді
Конгресс-холлда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына отандық жне шетелдік композиторлардың классикалық музыкалық шығармалары ұсынылады.
Сенбі күні, 14 мамырда «Көңіл толқыны» концерті өтеді. Кеш барысында ҚР еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбековтың әндері мен күйлері орындалады.
Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының XV концерттік маусымының жабылуы 26 мамырда сағат 19:00 Конгресс-холл концерт залында өтеді. Филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын орындайды.
Шығармашылық ұжым репертуарында түрлі жанрдағы (классика мен джаздан бастап халық әндері, күйге дейін) 500 астам шығарма, 10-нан артық тақырыптық бағдарлама бар. «Солистер шеруі», «Кино музыкасы», «Вена музыкасы», «Жаңа Әлем музыкасы», «Дирижерлар шеруі» елордалық тыңдарманның құлақ құрышын қандырады.
Сонымен қатар, Балаларды қорғау күніне орай 28 мамырда сағат 17:00 Конгресс-холл концерт залында «Ғажайыптар әлеміне саяхат» мерекелік концерті өтеді.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Хамзин жетекшілігімен «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблі эстрадалық вокал әртістерімен бірге сүйікті балалар әндерін орындайды.
Сахна төрінде М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары: «Алтын дән» халық би ансамблі, «Джамбо» эстрадалық би тобы және «Гүлдәурен» вокалды студиясы өнер көрсетеді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10528
Пікір жоқ әзірше