Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді

Астана жаңалықтары: Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді
Астанада әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемионатында 64 мемлекеттен келген 300 жуық спортшы шеберлік байқасады. Дүбірлі додада Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады. Шараның салтанатты ашылуы 19 мамырға белгіленген, қазіргі кезде қыздар шаршы алаңға шығуға дайындық үстінде.

Төрт жылдықтың басты бәсекесіне лицензиялар үш салмақ дәрежесінде ұсынылады – 51 кг дейін, 60 кг дейін және 75 дейін. Әр санат бойынша төрт жолдама беріледі.

Қазақстандық құрама командаға астаналық спортшылар Римма Волосенко, Валентина Хальзова мен Ләззат Күнгейбаева енді. Сонымен қатар, жарыста Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Ходжабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева менЮлдуз Маматкулова ел намысын қорғайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының аға бапкері Вадим Присяжнюк жаттығулардың штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті.

– Шаршы алаңға шығып, үздік қасиеттерімізді көрсетуіміз керек. Оның үстіне өзіміздің трибуналар қолдау көрсетеді. Бокс әлемнің көптеген елдерінде дамып келеді. Сондықтан бүгінде бәрін де ескеруіміз қажет. Ресей, АҚШ пен Қытай командалары мықты. Астанада медаль алуды көздейтін басқа да құрамалар бар. Әрине, қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы жақсы ынталандыру болмақ, бұған үлкен үміт артып отырмыз. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтарын бізге қолдау көрсетуге шақырамын, ал қыздар, өз кезегінде жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысады, – дейді В. Присяжнюк.

Әлем біріншілігі 19-27 мамырда «Барыс-Арена» сарайында өтеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10506
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше