Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр

Астанада таңертеңнен бері халықтық серуен өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары, балалар мен ересектер елорданың басты алаңдарына жиналды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған негізгі шаралар әкімдік алдындағы алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттік» паркте өтіп жатыр. Мерекелік концерттер, қазақстандық әртістердің орындауындағы әндер мен билер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әдеттегідей, мерекеге орай спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Балалар арасында тоғызқұмалақтан, армрестлингтен және асық атудан сайыстар өткізілді. «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда халықтың бірлігінің белгісі ретінде аспанға ақ шарлар ұшырылды. Барлық алаңдарда адамдарға тәтті-дәмділер ұсынылды.

Мерекелік бағдарлама сағат 23:00 дейін жалғасады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10444
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше