«Жаужүрек полк» елорда көшелерімен жүріп өтеді
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаужүрек полк» кең ауқымды акциясы өткізіледі.
Шеруге әскер мен флот ардагерлерінің, партизандардың, астыртын жұмыс істегендердің, тойтарысқа қатысқандардың, тыл еңбеккерлерінің, концлагерь тұтқындарының, қоршауда болғандардың және «соғыс балаларының» туыстары қатысады.
Қатысушылар 9 мамырда сағат 12:00 «Astanamall» СОО жанына жиналады. Шеру сағат 13:00 Тәуелсіздік даңғылының бойынан басталып, «Отан Қорғаушылар» монументіне дейін жалғасады. Сондай-ақ, монументке гүл қою салтанаты өтеді. Маршруттың жалпы ұзындығы 1,8 км құрамақ.
2012 жылы тарих факуьтетінің студенті Аида Баймақова Астана қаласы мен Ақмола облысы кәсіподағының бұрынғы төрағасы Анна Шевчукпен бірге елордада да осындай шеру ұйымдастыруды қолға алды. Бір жылдан кейін Астана қаласы «Жаужүрек полк» кеңесін құру туралы шешім қабылданды.
– Бұл коммерциялық емес, саяси емес, мемлекеттік емес бастама, бұл аталары мен әкелеріне тағзым етпек болған соғысқа қатысушылардың ұрпақтарының ұсынысы. Өткен жылы акцияға 1,5-2 мың адам қатысса, биыл бұл көрсеткіш 3-5 мыңға жетед деп күтілуде, – деді А. Баймақова.
Қажетті транспаранттар мен суреттерді әр отбасы өзі дайындайды, шеруге кез келген адам қатыса алады, портреттің қажетті өлшемдері белгіленген. Полктің Астанадағы Үйлестіру кеңесі маршты ұйымдастырумен айналысады, сондай-ақ, кеңес арқылы ардагерлермен байланысып, оларға қандай да болмасын көмек пен қолдау көрсетуге болады.
Айта кетейік, алғаш рет акция Астанада былтыр 8 мамырда ұйымдастырылды. «Мәңгілік полк» акиясы әлемнің 620 қаласында өткізіледі, оған 10 астам мемлекет қатысады, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Израиль, Украина, Монғолия, Эстония, жақында бұл тізімге Канада мен Оңтүстік Корея қосылды.
Акцияға қатысу бойынша қосымша ақпарат алу үшін +77016832383 телефонына хабарласуға болады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10425
Пікір жоқ әзірше