Елордадағы Қазақстан халқының бірлігі күні
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараларға белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн сайын қалада жаңа мерекелік инсталляциялар пайда болып, сахналық алаңдар орнатылуда.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған басты мерекелік шара "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Мерекелік концертте 450 жуық әртіс пен шығармашылық ұжым өнер көрсетпек. Этномәдени бірлестіктердің 300 астам өкілі халықтық серуенге қатысады. Бұл күні әрбір этномәдени ұйымы ұзындығы 50 метрлік мерекелік дастарқанға өзінің ұлттық тағамын қояды.
Көпшілік назарына Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Халықтық серуен өтетін «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда мерекелік сауда, түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мәдени және спорттық шаралар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттік» паркте де өтеді.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында қалалық мәдениет мекемелерінде де түрлі іс-шаралар (концерттер, спектакльдер, көрмелер) өткізіледі.
Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған жеке бағдарлама әзірледі. Кешке сағат 20.30-23.00 қалалық алаңда танымал «Формат» тобының Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерейтойлық концерті өтеді.
Сонымен қатар, Отан қорғаушы күніне және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10428
Пікір жоқ әзірше