Астанада 30 мыңнан астам балаға екпе жасалды

Астана жаңалықтары: Астанада 30 мыңнан астам балаға екпе жасалды

24-30 сәуірде Астанада Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында дәрігер-эпидемиологтар ЮНИСЕФ қорының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерімен, сондай-ақ, дін мәселелері жөніндегі мамандармен кездесті. Биыл кездесу барысында талқыланған басты мәселе иммундау проблемаларын жоюға бағытталды.

Шарада Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Сархат Бейсенова, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Ақмарал Құрманбаева, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сөз сөйледі. Жыл сайын бір жасқа дейінгі және жасөспірім балаларға екпе жасатудан бас тартатын ата-аналар саны артып келеді. Астанада 2016 жылдың І тоқсанында 38 157 бала егілді, ал 27 бүлдіршіннің ата-анасы вакциналаудан бас тартты. Ал өткен жылы 30 853 бала егілсе, 40 баланың ата-анасы иммундаудан бас тартты. Елордада жаңа туған сәбилерге екпе жасатпаған ата-аналар саны 2% жуықтады. Биыл 7346 сәби дүниеге келсе, оның 133-і егілген жоқ, бұл 1,8% құрайды. 2015 жылы жаңа туған 6665 нәрестенің 129-ы екпе жасатпады, бұл 1,9% құрады.

Медицина қызметкерлерінің пікірінше, қалыптасқан жағдайға негізінен жанама әсерлерден қорқу және вакциналардың сапасына деген сенімсіздік себеп болып отыр. Қазіргі кезде екпе жасатудан бас тартқандар санын азайту мақсатында елордалық дәрігерлер кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәрігерлердің міндеті – ақпараттық кемшіліктерді жою және балалар мен жасөспірімдерді аса қауіпті инфекциялардан сақтап қалу.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10427
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше