Елордада 16 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Бүгін Астанада экологиялық айлық аясында «Таза қала — бақытты қала!» жалпықалалық сенбілігі өтті.
Қалалық басқармалардың өкілдері, жеке меншікті ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ, елорда тұрғындары таңертең қала көшелерін жинауға шықты.
«Алматы» ауданында тиісті жұмыстарға 47 493, «Сарыарқа» ауданында — 33 856, «Есіл» ауданында — 19 852 адам жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 191 тиегіш техника мен 431 жүк көлігі тартылды. Аудандар аумақтарында терек, тал, шетен, арша және т.б. ағаштар отырғызылды.
Сенбілік аясында 163 мыңға жуық ағаш сыланды, парктер мен саябақтар жиналды. Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерінің күшімен Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің арналарын тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізіліп жатыр.
Пікір жоқ әзірше