Қоғамдық тәртіп сақшылары марапатталды

Астанада сәуірдің 20 күні 100 жуық қоғамдық көмекші марапатталды. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев полицияға пәрменді көмек көрсеткен 96 азаматқа грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Астана жаңалықтары: Қоғамдық тәртіп сақшылары марапатталды

Қазіргі кезде қоғамдық тәртіпті сақтау қоғамдық көмекшілерді тартуға қолдау көрсетілуде. Сондықтан да тәртіп сақшыларына көмек бергендерді ынталандыру шаралары қолға алынуда. Құқық қорғау бағдары бойынша қоғамдық тәртіпті күзетуге 900 аса қоғамдық құрылым өкілдері қатысады, соның ішінде қоғамдық кеңес құрамындағы 37 құқық қорғау органдарының ардагері, 217 консьерж және полиция бөлімшелері жанындағы қоғамдық көмекшілер, күзет құрылымдарының 343 қызметкері, жедел-жастар жасағының 122 мүшесі және тағы басқа топтар бар.

Жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің мәліметі бойынша, 4 қылмыс пен 165 әкімшілік құқық бұзушылық ашылып, 210 азамат учаскелік полиция пунктіне жеткізілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Көмекшілердің қырағылығының арқасында баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болды, терминалды ұрлау әрекетіне кедергі жасалды, сондай-ақ, есірткілік заттар табылып, тәркіленген екі азамат құрықталды. Қоғамдық көмекшілердің қолдауымен жасалған мұндай игі істер аз емес. Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Сіз де қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстың алдын алуға өз үлесіңізді қоса аласыз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше