Астанада KazRoboSport-2016 чемпионаты басталады

23 сәуір күні М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында KazRoboSport-2016 аймақтық чемпионаты басталады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Биыл жарысқа қатысуға 30 жуық команда өтінім беріп, өз роботтарын таныстырмақшы. Чемпионат төрт санат бойынша өткізіледі. Конкурсқа қатысушылар өз қолымен жинаған автономды роботтар «кегельринг» және «сызық бойынша жарыста», сондай-ақ робо-сумода күш сынасады.

– Робототехника математика, физика, информатика пәндерін біріктіреді. Оларды жеке оқыған қиын, ал бірге алғанда қызықты. Балалар мен жасөспірімдер өз шығармашылықтарын паш етсе, конструкторлар қолдан робот құрастырып, өз еңбектерінің жемісін көре алады. Жалпы айтқанда, робототехника – әлемдегі ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Балалардың инженерлік ойлау қабілеттілігі қалыптасады, перспективада олар мұнымен кәсіптік деңгейде айналыса алады, – дейді Білім беру және спорттық робототехника федерациясының Астанадағы филиалы «Роботек» клубының директоры Михаил Малород.

Астана жаңалықтары: Астанада KazRoboSport-2016 чемпионаты басталады

Жарысқа өтінім берген 30 жуық команда екі адамнан тұрады. Қатысушылар негізінен, Назарбаев зияткерлік мектебінің, «Роботек» робототехника клубының, «Шестеренки» эксперименталды механика және робототехника клубынің балалар мен жасөспірімдер командалары, сондай-ақ, Ақмола облысынан, Қарағанды және Көкшетаудан келген командалар бақтарын сынамақ. Ережеге сәйкес, сайысқа 10- 25 жас аралығындағы жастар қатысады.

Шара тек конкурспен ғана шектелмейдң, бағдарлама бойынша «Білім беретін робототехника» тақырыбында шеберлік дәрісі өткізіледі, балаларға 3D-баспаның ерекшеліктері мен принциптері туралы айтылады. Жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін KazRoboSport жарысының республикалық кезеңіне жолдамаға ие болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше