Биыл елордада 25 шақырым көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астана жаңалықтары: Биыл елордада 25 шақырым көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледіЕлордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Биыл 25,36 шақырым жолды салу, жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астана қаласы автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының редакциясына берген сұхбатында биыл елордада жол жөндеу бойынша жүргізілетін жұмыстарға толығырақ тоқталып өтті.

«Қаланың көше-жол желісінің жағдайына жүргізілген кешенді талдау бойынша қанағаттанарлықсыз жағдайда деп танылған 117 көше (ұзындығы 287 км) анықталды. Атапа йтқанда, Абылай хан даңғылы Пушкин көшесінен Момышұлы даңғылына дейін, Манас көшесі Абылай хан даңғылынан Қобыланды батыр көшесіне дейін, Кенесары көшесі Пушкин көшесінен Республика даңғылына дейін, Орынбор көшесі Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін және т.б. Барлық анықталған кемшіліктер бойынша жөндеу жұмыстарының кестесі бекітілді.

Биыл 25,36 км жол салу, жөндеу, қалпына келтіру көзделген. Соның ішінде 15,8 км жол салынады, 1,4 км қалпына келтіріледі, 8,16 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі», делінген Сымбат Мырзағұлов берген сұхбатта.

ҚазАқпарат
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше