Астана көшелерінде алма мен алмұрт көшеттері отырғызылады
Астана қаласында көшелерге жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, елордада жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы ауқымданып, бас қала жасыл қалаға айналып келеді. Дегенмен, тез құбылатын Астана климатына негізінен қылқан жапырақты ағаштар өсіріледі.
«Бірақ, біз қазірдің өзінде алма, алмұрт секілді жеміс ағаштарын отырғызғымыз келеді. Бұлар елордадағы өсімдіктер дүниесіне араласуы керек. Алдағы уақытта алма көшеттері қаланың көшелерінде пайда болады деп жоспарладық», — деді Ә. Сәрсембаев.
Оның айтуынша, қазіргі күні Астанада жасыл көшеттерді санитарлық кесуге рұқсат тек кәрі, құрт түскен ағаштарға, сонымен бірге инженерлік желілер мен көліктік инфрақұрылымға кедергі келтіргенде ғана беріледі. Былтыр осыған байланысты 400-ге тарта рұқсат жасалған. «Бұл біздің қатаң қабылауымызда. Оның үстіне әрбір кесілген ағаштың орнына жаңа екі ағаштан егіледі», — деді басқарма басшысы.
ҚазАқпарат

Пікір жоқ әзірше