Иммунитет көтеру апталығы басталды

20-30 сәуірде Астанада Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді. Бұл шараның мақсаты вакцинацияға қатысты қоғамның сенімін арттыру, денсаулық үшін вакцинациялау маңызы туралы халыққа ақпарат тарату, инфекциялық аурулардың алдын алу және халық денсаулығын көтеру.

Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің хабарлауынша кез-келген адам, тұрғылықты мекені бойынша (тіркелуі шарт емес) емханалардың бірінде екпе жасата алады. Тек ҚР мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана қолданылады. Вакциянация тегін жүргізіледі, әрбір адамға қолжетімді, тіпті шетелдік азаматтарға да жасатылады.

Профилактикалық жұмыстарды кеңінен жүргізудің нәтижесінде Астанада дифтерия, полиомиелит, құтыру, сіреспе аурулары тіркелген жоқ.
Астана жаңалықтары: Иммунитет көтеру апталығы басталды
Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-білім беру материалдарын таратты. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда LED-мониторлар мен лайтбокстардан, сауда, ойын-сауық орталықтарында, әуежайда иммундаудың артықшылықтары туралы аудио- және бейероликтер ротацияланады.

Елордалық медицина қызметкерлері үшін осы кезеңде түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.

Соңғы уақытта вакцинациядан бас тарту жағдайлары жиілеп кетті. Бұл мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Орталық мамандарының пікірінше, халықтың иммунопрофилактикаға қатысты сенімін қалыптастыру, халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі; вакцинациядан бас тартуға байланысты қауіп-қатер мен себеп-салдар туралы ақпараттандыру қажет.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kzдеректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше