23 сәуір - орман отырғызу күні

Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілген болатын. Биыл астаналықтар Ұлттық орман отырғызу күнін жалпықалалық сенбілікпен ұштастырып отыр.

Астана жаңалықтары: 23 сәуір - орман отырғызу күні

23 сәуірде елордада жалпықалалық сенбілікпен қатар басқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай ағаштар отырғызылады. Арнайы дайындалған гүлзарларға Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағаштарының 1000 астам көшеті отырғызылады.

– Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан жастарды бүкіл жерге ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, – дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.

Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді. Дегенмен, қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары тек бір аумақта емес, үш ауданда жүргізіледі. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.

Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жаппай ағаш отырғызылады. Көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді.

Осы атаулы күні сіз де ағаш отырғызып, қаланың көркін келтіруге өз үлесіңізді қосыңыз!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше