Ал, бізде жылыжайлар көбеюде

Жамбыл облысы Қордай ауданының шаруалары қызанақты енді какос қоспасына қондырып өсіре бастады. Оңтүстік кореялық технологиямен салынған бұл жылыжай Қордай ауданының Масаншы ауылының манында орналасқан.
Көкөністер какос қоспасымен толтырылған арнайы табандықтарда өсіп өнеді. Нәрлендіру үшінде өсімдіктерге тамшылатып суару әдісі қолданылады. Томат топтарының биіктігі 3 метрге дейін жетеді. Бір жылыжайдан 500 тонна жапон және голланд сортты қызанақ жиналады.
Жаңа технологияны алдымен «Грин Вилл» ЖШС-гі мен «Щенхо» шаруа қожалығы енгізді. Өз қаражаттарынан және сыртқы инвестициялардан құрылған жобаның жалпы құны — 270 млн. теңге. Масаншы ауылының тұрғындары үшін 20 жұмыс орындары ашылды.
Әзірге бір гектарды құрайтын замануи жылыжайдың жабдықтау жұмыстарына Оңтүстік Кореядан арнайы өкілдер шақырылды.
Жылыжайдың ішінде ауа ылғалдылығы мен температуралық режим сақталады. Көптеген радиаторлар және желдеткіштер жылыжайдың ауасын реттейді.
Сондай-ақ, тиісті уақытта басқару пульт арқылы көшеттер арнайы дәрумендері бар сумен суарылады.
Жоғарыдан бүркілеген су ауаны тазартып қызанақтарға оңтайлы жағдай жасайды.
Жылыжайда Оңтүстік Корея өндірушілерінің ең заманауи құрал-жабдықтары қолданылады. Жапондық сыртқы қабыршақ 8 жылға есептелген, ал кокос жоңқаларын әрбір үш жыл сайын өзгертіп туру керек.
Атап өту қажет, оңтүстік кореялық мамандар кешен құрылысының ең басынан бастап алғашқы өнім жинағанға дейін бақылау жүргізеді. Олар бүкіл процесті бақылап, жаңа технологияларға жергілікті көкөніс өсірушілерді үйретеді.
Қазір қараша айында отырғызылған қызанақтардың алғашқы өнімдерін жинау басталды. Айта кету керек жаңа технологияның тиімділігін көрген қос шаруашылық алда дәл осындай екі жылыжай кешенін соғуды жоспарлауда.
Бөлісу:

1 пікір

bake
Жылыжай шаруашылығын арқылы бизнес жүргізу қызықтырады. Шығыста алты ай қыс, соның өзінде тиімді бола ма? Пайдасы отын -суынан аспай қалмайды ма?