LEGO-ға ұқсас конструктор. Еріксіз шолу. Sluban M38-B0382

Өткен жылғы жазбамызда баламыз екеуіміз конструкторлық эраға старт бергенімізді жазғанмын, яғни, конструктор ойыншықпен ойнап үйрене басатағанымызды баяндағанмын (авт. әрі қарай текст бойынша қайта-қайта „конструктор ойыншық„ дегенше жай ғана „конструктор„ деп жазамын).
Осы жолы балама Sluban M38-B0382 деген конструкторды сатып алдым.
Блог - bake: LEGO-ға ұқсас конструктор. Еріксіз шолу. Sluban M38-B0382
Ойыншықты бала қолына ұстатпас бұрын -ең бірінші өзің ойнап көр -деген дағды бойынша ойыншықты қорабынан шығардым. Жалпы, конструктор көмегімен құрастыралатын трансформер идеясы жаман іске асырылмаған. Робот-автомобильге, автомобиль роботқа трансформатталады. Трансформерді құрап тұрған бөлшектер түсі қара, ақ, қызыл. Негізгі түс ақ. Конструкторды құрап шықтым. Жалпы. Құрастыру, құрап шығу әрекеті конструктор ойыншығының ерекшелігі -ойын қызығы. Sluban M38-B0382 конструкторында құрап шығу ойынның қызығы бар ма?
Конструкторды құрап шығуды қиындатқан тұстар. Біріншіден құрастыру нұсқасында берілген нұсқаулар бір беттің екі жағында бірінің үстіне бірі міңгесіп орналасқан. Екіншіден бөлшектер сапасы төмендеу, төрт бөлшекте өңделмей қалған қылау кездесті.
Конструкторда тағы бір кемшілік болуы мүмкін. Құрастыруға арналған бөлшектің жетіспеуі деген. Sluban M38-B0382 конструкторында мұндай кемшілік жоқ.
Қорытынды. Конструктордың жақсы жағын атап өтейін. Конструкторды құрап шыққан соң „транформер„ ойыншығы алынды. Робот автомобильге және кері бағытта оңай трансформатталады. Трансформатталған соң роботты бала робот деп таниды, автомобильді автомобиль ретінде қабылдайды.
Жағымсыз жағы. Трансформерді құрап тұрған бөлшектер бір-бірінен оңай ажырап шашылады (трансформатталаған кезде). Жақсы конструктор бір рет емес бірнеше рет қайта-қайта жинап, құрастыруға жарамды. Қарастырып отырған конструкторымыз бір-ақ рет жиналғанның өзінде қиындықпен жиналды. Бұзып-құрап ойнау үшін жарамсыз. 6-10 жастағы балаға құрастыру нәтижесінде алынған трансформермен ойнау үшін бөлшектерін желіммен желімдеп беріңіз.
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
бөлшектерін қолданып басқа нәрселер жасауға келеді ме?
ken
тек бір ғана нәрсе құрастырылатын болса қызығы тез бітіп қалатын шығар

менде мынадай болған — кран, вертолет, тб нәрселер құрастыруға болатын.
bake
Бұл жиынтық тек трансформерді жинау үшін арналған. Бірақ бізде LEGO-ның 3 жинағы бар. Соның ішінде ең алғашқы конструкторы, 4 жастан асқан балаға арналған LEGO City 60085, тамаша ойыншық болды. Бөлшектерін жоғалттық. Одан кейін оларды басқа жиынтық бөлшектерімен алмастырып жинадық. Одан әрі кете берді. Өзі машинаға ұқсатып арба жасап алыпты. Сатып алған консруктордың нұсқауы ертерек қолымызға тигенде ондағы трансформер „жергілікті трансформерге„ жақсы прототип болар еді, ондай трансформерді жинауға бөлшегіміз жеткілікті. Енді біраз уақытқа дейін жаңа конструктор алмаймыз. Басқа нәрсе жасауға енді көшеміз. Ең бірінші саты қайталау және сәл өзгерту болса, ендігі саты шығармашылық.