«Kazakhstan open 2016» ІІІ халықаралық турнирі басталады

8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында Халықаралық паралимпиадалық комитеттің қамқорлығымен арбамен билеудің «Kazakhstan open 2016» үшінші халықаралық турнирі басталады. Бұл турнирге 6 мемлекеттен 100 астам биші қатысады деп жоспарлануда.

Қатысушылар классикалық еуропалық, латынамерикалық бағдарламалар, сондай-ақ, «фристайл» дисциплинасында жарысқа түседі.
Астана жаңалықтары: «Kazakhstan open 2016» ІІІ халықаралық турнирі басталады
Бишілер сайысы 8-9 сәуір күндері өтеді. Би алаңында Австрия, Грузия, Тайвань, Ресей, Қырғызстан, Гонконг және еліміздің сегіз өңірінен жиналған бишілер бағын сынайды. Ал Астана намысын 28 қатысушы қорғайтын болады.

ҚР қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекованың сөзіне қарағанда, арбамен спорттық би билеу өнері кеңінен тарап келеді. «Kazakhstan open 2016» турнирі сияқты шаралар бұған өз септігін тигізеді.

– Үшінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен келген арбамен билейтін бишілер елордада бас қосып отыр. Биыл дебютанттар ішінде Ақтөбе, Рудный және т.б. қалалардан келген жұптар бар. Фестиваль бағдарламасы да кеңейтілгенін айтып өткеніміз жөн. Өткен жылдан бері фристайл дисциплинасы қосылды, онда рейтинг, ұпай жинауға болады. Турнирде биылғы Азия чемпионатына жолдамалар сарапқа салынады, – деді Әлия Түсіпбекова.

Астана қаласының astana.gov.kz ресми сайтының мәлімдеуінше демалыс күндері Тәуелсіздік сарайында сегіз жастан асқан балалар арасында спорттық биден ашық ел біріншілігі өтпек. Бұл сайысқа Қазақстанның 10 өңірінен 1500 астам қатысушы келеді деп күтілуде.

Ал жексенбі күні, 10 сәуірде биден Азия олимпиадасы басталады, оған 8 мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен 3000 астам биші қатысады.

Елордалық қатысушыларға жанкүйер ретінде қолдау көрсетіп, сезімге толы биден ләззат алғыңыз келсе, сәуірдің 8-10 күндері Тәуелсіздік сарайына келіңіздер!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше