Жалпықалалық сенбіліктер басталады

23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді.

Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен «таза бейсенбі» шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек. Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.
Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбіліктер басталады
Сенбіліктер тарихынан:
Сенбіліктер Азаматтық соғыс және әскери интервенция кезеңінде, яғни 1919 жылғы көктемде В.И. Лениннің теміржол жұмыс жақсарту жөніндегі ұсынысынан кейін пайда болды. Алғашқы сенбілікке 15 адам қатысқан екен. Сенбіліктер жалпы кеңестік одақ елдерінде ғана емес, алыс шетелдерде де бар. Мысалы, Норвегияда, dugnad түсінігі бар. Бұл аумақты абаттандыру, тазарту немесе басқа да игі істер бойынша ерікті ақысыз жұмысты білдіреді.
Ал Елордамызды ең таза Астаналар тізімінде көргіңіз келсе, сенбіліктерге белсенді қатысыңыз.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше