Астанада «Қазақстан барысының» іріктеу кезеңі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Қазақстан барысының» іріктеу кезеңі өтедіБүгін Астанада қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.

Турнирді ұйымастырушылардың хабарлауынша, іріктеу сайыстарына барлығы 38 палуан қатыспақ.

Бұл кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан астанасында 2016 жылғы 3 шілдеде өтетін ҚР Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалына жолдама алады.

Іріктеу кезеңіне өткен жылдардағы турнирдің бірнеше финалистері қатысады, олардың арасында 2015 жылғы қола белбеу жүлдегері Ғани Сейділдаев бар.

Өткізу орны:«Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК, Тұран даңғылы 4/2, Астана қ. Өткізу уақыты: 10:00 ден 18:00 дейін (кіру тегін).

Турнирдің ұйымдастырушылары:«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Астана қаласы қазақ күресі федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті, Астана қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасы.

ҚазАқпарат
Бөлісу:

1 пікір