Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді
ҚР Ұлттық музейінде наурыздың 30-ы күні сағат 12.00-де «National Geographic Қазақстан» журналының жарық көруіне орай Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен кездесу өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Кездесуге екі дүркін Пулицер сыйлығының иегері Пол Салопек пен танымал АҚШ ғалымы Александр Моен қатысады. П.Салопек — бүкіл әлемді жеті жыл ішінде жаяу шарлап өтуді мақсат етіп келе жатқан зерттеуші, жиһангез-жазушы. Сол сапары аясында ол қазір Қазақстанға келіп жетті. Ал, А.Моен «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Әлемдік серуен» және «Genography» жобаларына жетекшілік етіп келе жатқан ғалым. Сондай-ақ, шараға антропология, археология саласындағы белгілі қазақстандық ғалымдар, жазушылар мен фотографтар қатысады.
Күн тәртібіндегі басты мәселе — «National Geographic Қазақстан» журналының тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі және беделді басылым қозғайтын тақырыптар. Сонымен қатар, география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілмек.
Айта кетейік, «National Geographic» — әлемдегі ең беделді қоғамдық ұйымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған ұйымның меншігіне бірқатар телеарна, журнал, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде 700 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғамдық ұйым 11 000 грант бөліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Бүгінде дүниежүзі бойынша журнал әлемнің 38 тілінде шығарылып, 80-нен астам елге тарайды. «National Geographic» Орталық Азияда бірінші болып Қазақстанда жарық көріп отыр.
ҚазАқпарат

Пікір жоқ әзірше