Астанада электр энергиясын заңсыз тұтынғандармен күрес белсенді жүргізіле бастады
Электр энергиясын заңсыз тұтынуға қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстар аясында «Астана-АЭК» АҚ мамандары жосықсыз тұтынушыларды анықтау жөнінде жүйелі іс-шаралар жүргізіп келеді. Мысалы, жыл басынан бері электр желісіне рұқсатсыз жалғанған тұтынушыларды анықтау бойынша жұмыс кестесі құрылды. Тексеру нәтижесінде электр энергиясын пайдалану қағидасын бұзу туралы 190 акті жасалды. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы аумақтық департаментіне тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 10-нан астам материалдар жолданды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Электр энергиясын ұрлаушыларды анықтау «Астана-АЭК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Компания өкілдері Астана қаласының аудан әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдармен кездесулер өткізді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдеріне тек қана құқық белгілейтін құжаттар, техникалық шарттар, энергиямен жабдықтау шарты және т.б. сәйкес құжаттарды ұсынған кезде тұтынушыларды тұрғын үйлердің кірістегі тарату құрылғысына жалғау тәртібі түсіндірілген болатын», — делінген баспасөз баянында.
«Электр энергиясын заңсыз тұтыну және есептеу құралдарының жұмысына араласу заңды бұзу болып табылады. Есепке алынбаған тұтынуға жол берген, оның ішінде электр энергиясын заңсыз қолдану айыбы ашылғандарға акті толтырылып, олар келтірген материалдық шығынды төлеуді міндеттеледі», — дейді компанияның электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы Денис Неходцев.
Бұдан басқа, электр энергиясын заңсыз тұтыну желіде шамадан тыс жүктемеге әкеледі, ол заңға бағынатын тұтынушыларды электрмен жабдықтауға тікелей ықпал етеді. Тәжірибе көрсеткендей, электр тоғы соғып адамдардың қаза болу оқиғалары электр қондырғыларға заңсыз кіру әрекеті, сондай-ақ электр желілік кешен объектілеріне заңсыз жалғану кезінде жиі болады.
ҚазАқпарат
1 пікір