Ең мықты болашақ журналист анықталды
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында «Журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында пәндік олимпиада өтуде. «Мақсаты – журналистердің сапасын арттырып, өзекті мәселелерді қозғап, қолдағы билікті ұтымды пайдалана білу. Студенттердің өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру»,-деді журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек.
Аталмыш дода ІІ турдан тұрады. Оған жер-жерден 9 ЖОО студенттері қатысып, болашақ журналистерді «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша іріктеп алды.
І турнирде қатысушылар 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екі сағатқа созылған сайыста «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Шетел журналистикасы» мен «Тележурналистика» пәндері бойынша білім жарыстырды.
Сегізінші рет өтіп отырған олимпиаданың ІІ турнирі басталды. Бұл шараны сынға алып, дарындылардың ішінен ең белсенділерін әділ-қазылар телевидение маманы Сләмбек Мақсат, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті, тележурналист Ерлан Акчалов, әйгілі фотогроф «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінен Асылхан Әбдірайымұлы және журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к. Сағатбек Медеубек бағалады.
Теория мен практиканы ұштастырған студенттер асқан жауапкершілік пен белсенділік танытты. «Мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің атынан келіп қатысып отырмын. Біздің университет төрт жыл қатарынан аталмыш жарыста топ жарып келеді. «Менің тағдырым – елімнің тағдыры» атты видеосюжет жасап алып келдім. Биыл да өз университетімнің үмітін ақтаймыз деп ойлаймын»,-дейдіАлмас Құдайберген.
Қазақстан журналистикасының болашақ сардарларын дайындап жатқан оқу орындары арасындағы бәйгеде үздіктер топ жарды.
Пікір жоқ әзірше