шаштың түсуі

Сәлеметсіздер ме!
Мен БҚО,Қаратөбе ауданынан сіздерге хат жолдап тұрмын.Сіздер маған көмектесе аласыздар деген оймен, жеке мәселем туралы қолдау сұраймын! Менің әпкемнің, осымен 2 ай болды, шаштары ойылып түсе береді.Сол түскен жердің үстінен басқанда ауырады екен.Әзірге ещқандай дәрі- дәрмек қолданбады.Бірақ әртүрлі журнал-газеттерден іздестіріп, халық емін қолданып көрдік (пияз бен коньякты араластырып, сол жерге жақтық; горчицаны да жағып көрдік, естуіміз бойынша кейбіреулерге көмектесіпті).Шаш өсіретін су сабынымен жуды.Алайда, бұлардың бірі де оң нәтижесін әлі бере қоймады.Шашының әр жерінен ойылып тусе береді.Күн санап артып барады.Енді қандай ем- дом жасауымыз керек.Мұндай жағдай жиі кездесе ме? Оны емдеудің қандай жолдары бар? Сіздерден осы жайында кеңес берулеріңізді сұраймын! Жауаптарыңызды асыға күтемін.Өтініш, көмектесініздерші!!!
Бөлісу:

2 пікір

merekeee
Қаратөбеде поликлиника, тым болмаса сұлулық салондары жоқ па?
Elirgen
Айтып отырғаның трихофития деген ауруға ұқсайды, қазақшаласақ, бұзаутаз ауруына ұқсайды, жұқпалы, емделу қажет