watchdog journalism: шынжырланған төбет

Бүгін мен керекинфоға алғаш рет тіркеліп отырмын. (Өз-өзіме "қош келдім" деп қояйын). Бұрындары керекинфоға оқырман ретінде жиі кіретінмін. Бықсыған жазбалар үшін емес, астындағы өрт пікірлер үшін кіретінмін. Тіркеле салып, көптен бері ойлап жүрген бір мәселені жаза кетпекпін. Оқырманнан отқа оранған коммент күтемін. Сонымен, бастадым...

Төтенше жағдай кезінде бейресми ақпарат таратуға тыйым салынады. Журналистер (не только журналистер, бүкіл халық, ішінде блогерлер де бар) ресми органнан мәлімдеме күтеді. Ресми орган 3 күн ішінде журналистерге жауап беруі керек. Басқа бейшаралардың 15 күн күту ықтималдығы бар. Яғни, жауапты 3 күнге кешіктіре алады.

Ал халық оқиға жайлы ақпарат талап етеді. Елде хаос болып жатыр.
Әйтеуір, 3 күн ішінде ресми орган оқиға жайлы мәлімдеме жасайды. Оған дейін төтенше оқиғаның «төтеншелігі» кетіп, болар іс болып, бояуы сіңіп қояды. Былайша айтқанда, қызып тұрған темірдің ыстығы қайтып, ұста суық темірді ұрғылайды. Журналистер «ең шынайы», «ең объективті» ақпарат ретінде ресми органның жауабын жариялайды.

Өкінішке орай, халық та, журналистер де ресми органның билікпен мүдделес екенін ұмытып кетеді. Ресми орган ешқашан үкіметке зиян әкелетін ақпарат таратпайды. Ресми орган ешқашан үкімет жұмысынан қате көрсетпейді. Себебі, ресми ақпаратты мәлімдеп отырған кісінің өзі үкіметтің адамы емес пе?! Сонда, «ең шынайы», «ең объективті», «ресми» ақпарат қайда қалды?!

Қазіргі уақытта біздің «ең объективті», «ең шынайы» деп жүрген ақпаратымыздың өзі тікелей билік мүддесін қорғайтын ақпаратқа айналуда. Бұған шара бар ма?!

Мен бір шара таптым — бейресми ақпараттардың таралуына рұқсат ету. Бірақ, осылай жасайтын болсақ, онсыз да сенсация, рейтинг қуып, жанталасып жатқан сары түсті (дәл осы сәтте кіші дәретті еске түсіріңіз) медианы шындық екені екіталай ақпараттар ағыны басып қалады.

Ресми ақпараттың 100% шындық екеніне кепілдік бар ма?! 100% шындық болған күннің өзінде сол шындық еш жақтаулаусыз (framing), бүкіл ауқымымен ұсынылып отыр ма? Ресми ақпаратқа қарамай, бейресми ақпарат (мысалы, куәгерлердің пікірін) таратуға тағы болмайды. Жоғарыда айттым, бұған заң жүзінде тыйым салынған.
Үкімет асқан қулықпен, ресми орган мәлімдемесінің 100% шындық екеніне сендіре отырып, журналистерді матап тастаған. Баяғы жыртқыш көкжалдар — үкімет үйінің табалдырығын күзететін бейшара төбетке айналған. © Өз ойым.

Енді не істейміз?! И че теперь? Білмеймін… Бас қатып кетті. satibaldi қайдасың, бірге ішіп қайтайық. ;)
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше