Қазақ халқының туыстық атаулары

Баба – арғы ата, үлкен ата
Ата – әкесінің әкесі, бергі ата
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Ана – өзінің туған шешесі
Аға – өзінен үлкен ер бала
Әпке – өзінен үлкен қыз бала
Қарындас – өзінен кіші қыз бала
Іні – өзінен кіші ер бала
Сіңлі – әпкеден кейінгі қыз бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Нағашы – шешесінің туыстары
Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары
Жеңге – ағаның әйелі
Жезде — әпкенің күйеуі
Келін – інісінің әйелі
Күйеу бала – сіңлінің күйеуі
Жиен – тұрмысқа шыққан әпкеден не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары
Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары
Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары
Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері
Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан
құдалар
Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар
Қарсы құда – ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар
Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар
Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)
Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда
Немере – ата-ананың ұлынан туған бала
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала
Бөлісу:

5 пікір

Sebastian
Дамбалбажа туралы неге айтылмаған?
ken
Осы неге бәрін секіске әкеп тірей бересіңдер?
edige
Бажаның баласы не болады?
merekeee
Балдыз деп тек қыздарды (яғни әйелінің сіңілілерін) айтпай ма?
Ispek92
Біз жақта солай, балдыз тек "қыз" затына қатысты))