Жаман SMM-ші боламын десеңіз
Қазақ аудиториясының көбеюі қазақ SMM мамандарының пайда болуына алып келді. Әйтсе де бұл саланың мемлекеттік тілдегі бағыты әзірге кәсіби деңгейге толыққанды көтеріле алған жоқ. Оған SMM-манагерлердің біліктілігінің төмен болуы, тапсырыс берушілердің Интернетті қазақ тілінде пайдаланатындардың потенциалына қатысты күдік-күмән білдіруі секілді бірқатар факторлар себеп болып отыр. Қазақ SMM-і қайда барады, ертеңі не болады деген мәселелерді кейін қарастырармыз.
Әзірге, жағдай ілініп-сүрініп жүріп, аяққа тұрып кеткенше трендтен қалмайын деп, азды-көпті тәжірибеммен бөлісейін деп, жаман SMM-ші болғысы келетін мамандарға арналған қыңыр кеңестерімді ұсынып отырмын.
1. Ойланба. SMM деген не ол… әншейін бір еріккеннің ермегі. Күні бойы әлеуметік желілерде отырып, анда-санда бір жазба салған да сыйлы мамандықтың белгісі болып па? Инженер, ғарышкер болса бір жөн. SMM-кампания басталар алдында стратегия құрып, медиа-план, контент-план, механика, тайминг, міндеттер мен мақсаттар жазып әуреге түсудің қажеті жоқ. Онсыз да Неттен шықпайтын адамсың ғой, бес минутта бір пост жасап, сала саласың.
2. Не жариялаймын деп миыңа салмақ түсірме. Тапсырыс берушінің қай салада маманданатыны, ол бағытта қандай жаңалықтар болып жатқаны, клиенттің қандай қызықты деректер ұсына алатыны не керек саған!? Алдын-ала контент жоспарын жасап, тексеріп, әдемілеу не сорың десеңші? Таста бәрін, Интернетте неше түрлі әдемі суреттер, қызық мақалалар бар, солардан алып, шетінен сала бер. Авторлық құқыққа да қойғаның бар, кім біліп жатыр алғаныңды, білсе де не істеп алады, ал, саған?! Сондықтан БАҚ, жарнама, авторлық құқық туралы заңнаманы да оқыма, нафиг ол SMM-шіге?
3. Мораль оқы. Ешқашан есіңнен шығарма: Оқырман — топас. Сен оған қарағанда әлдеқайда білімді, зиялы, көргенді, мәдениетті адамсың. Оқырман тек ішкен-жегенін ғана білетін, бастауыш мектеп деңгейіндегі приколдарға ғана жыртылып күлетін, ұлттық қамын, қазақтың жайын, діннің халін ойламайтын бір мақұлық. Сондықтан, сенің міндетің — мораль оқу. Керек болса, зіркілдеп ұрсып тастау. Әрине, оны өз аккаунтыңның атынан емес, компания немесе клиент аккаунтының атынан істегенің жөн. Тіпті саған қатысы жоқ басқа бір жазбаның астына барып, пікір қалдырып, ұрсып кетудің де айыбы жоқ.
4. Орысша SMM-ді, орыстілді мамандарды жек көр. Бірлесіп жоба жасайық десе, келіспе. Қазақстанда тұрып, қазақ тілін құрметтемейтін адамдармен қалай жұмыс істеуге болады! Олар баратын тусовкаларға жолама, тәжірибе алыспа, семинар-тренингтерінен аулақ жүр. Не біледі дейсің?!
5. Қолданушылардың сұрақ, пікірлеріне не мүлдем жауап жазба, не қырылысып, быт-шытын шығар. Жоғарыда айттым ғой, оқырман — топас. Клиентіңнің сервисі ұнамап па? Қайқайсын, соған қарап қалған ешкім жоқ. Бірнәрсе білгісі келіп, сұрақ қойып отыр ма? Жауап берме, өзі іздеп тауып алсын, тіпті болмаса коллцентр бар, не үшін айлық алады солар осы?
6. Біліктілікті арттыруға мән берме. Тренинг, шеберлік сыныптары? Вебинар? Пайдалы сайттар? Соңғы трендтер? Не үшін? Не істейсің оны?! Онсыз да бәрін білесің ғой!
7. Жарнама берме. Цукербергтің қалтасына ақша құйып қайтесің. Берме жарнама! Әне, былай-ақ, достарыңды шақырып 300 адам жинап алдың парақшаңа. Епайдет сол да.
8. Статистикаға мән берме. Жалпы, парақша туралы деректер, сандар туралы ұмытқаның жөн. Еш пайдасы жоқ ол ақпараттың. Қайдағы жоқ бір сызықтар, гендер дей ме, аймақтар бойынша дей ме, забей. Жап-жақсы жүргізіп жүрсің ғой, жетеді сол да.
9. Жеке саған не қызық, сол туралы жаз. Аудиторияңмен, клиентіңнің көзқарасымен, соңғы тренд, тенденциялармен санаспа. Сен SMM-шісің, тебе виднее.
10. Мәтінге мән берме. Жеңіл оқылатын, пайдалы дерегін ұсынатын, сауатты текст Интернет үшін емес. Жылдамдатып жаза сал, тексерме, бәрібір оған ешкім мән бермейді. Көлемі аз болып көрінсе, топырлатып хештегпен көміп таста. #Сонда #сенің #жазбаңды #бәрі #оқитын #болады #себебі #ел #хештегпен #іздеп #жүріп #оқиды.
Алып-қосаларыңды жазыңдар, достар, жаман SMM-ші боламын дегендерге көмек болсын.

ол сен үшін бар абырой, ұятын жиып қойып бөлісе салады. оны оқырмандары бәрібір құрметтейді