Сіз білмейтін кір сабынның құпиясы...

Мен бұл постты барлық қауымға арнағым келеді. Әр үйдің жуынатын бөлмесінде кездеседі, алайда оны тек қана кір жууға пайдаланады, — деп жұмбақ жасырып кетсем)))) Менің сіздерге айтайын деп отырғаным кір сабын жайлы. Әдетте біз оны тек киім жуғанда ғана пайдаланамыз. Бірақ оның тұрмыс-тіршілікте де пайдасы орасан зор екендігін біле бермейміз. Ендеше, сіздермен кір сабын жайлы біраз пайдалы кеңестермен бөлісемін.
1. Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындай да кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
2. Шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі.
3. Аптасына екі рет бетті кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
4. Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны (веник) кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып, денеңізді сергітуге жақсы көмектеседі.
5. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
6. Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша араластырыңыз, отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
7. Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
8. Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, ауруханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
Бөлісу:

13 пікір

abilbekova_inabat
Кеңестеріңіз ұнады. Пайдалануға болады екен, әсіресе, шаш өсіруге байланысты)
Sarsembekovna
Иə, шашыңызға пайдаланып көріңіз мүмкін нəтижесі болар. Сосын маған айтуды да ұмытпағайсыз))))))))))
DinaAbdigalieva
Мәәә, күшті мәліметтер! Пайдаланып көру керек. Инош шашын өсіріп көрсе, мен шашымды қалыңдатып көрейін деп па)) :):J Бұны қайдан алдыңыз? Қандай деректерге сүйеніп жаздыңыз? Сілтемесі болса дегендей
Sarsembekovna
Рақмет! Сіздерге ұнаса болды.
satibaldi
Мен бұл постты барлық қауымға арнағым келеді.
Кейбіреулерге ғана арнағаныңызбен, оны бәрібір оқфп қояды мұндағы көргенсіздер



Әр үйдің жуынатын бөлмесінде кездеседі
Бұл тұжырымыңыздан — әр үйде жуынатын бөлме бар деген қорытынды шығады. Сәңкібай батырдан төмен қарай үйлерге барыңыз, жуынатын бөлме түгілі, кейбір үйлердің бөлмелері жоқ



Әдетте біз оны тек киім жуғанда ғана пайдаланамыз.
Елге Procter&Gamble келгелі сабын атаулыны ұмытқанбыз.

Осындай да кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Бірақ тікен терең, әрі 35 градуспен бұрышпен кірсе ше? Вакуумдық помпамен де суыра алмассыз. Ендеше, сабынмен бірге
дәрігерді де ұсынуыңыз керек, ақылыңыздың біреуге кесірі тимей тұрғанда

2. Шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді.
Сіз көп адамның кір сабынмен жоқшылықтан ғана жуынып жүргенінен, қалтасында артық бақыр болса — сасық немені ауладан әрімен лақтырғысы келіп отырғанынан бейхабарсыз



Аптасына екі рет бетті кір сабынмен жуу керек.
L'Oreal пайдаланатын қатындар дүниеде кір сабын барын білмесе де беттері кейбіреулеріміздің табанымыздан тегіс



5. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Және токсикоманияға сара жол салады
Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп,
Процесс барысында мыстан кемпірдің обрызына ену үшін екі жерден жамауы бар кір юбка мен сасық жемпір киіп алуды ұмытпаңыз



Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды.
Жалпы, фармацевтика деген бәлені кім ойлап тапқан деЧ



Таза сабынды жұқа жапырақтап турап
О, тіпті кулинарлық сүйіспеншілік

Sarsembekovna
Сіз айтпасаңыз білмеп едім. Жақсы тұжырымдап жазыпсыз! Тіпті, L'Oreal-дың өзің жазыпсыз, «сөбременный» адам екенсіз)))))))
Sarsembekovna
Сіз айтпасаңыз білмеп едім. Жақсы тұжырымдап жазыпсыз! Тіпті, L'Oreal-дың өзін жазыпсыз, «сөбременный» адам екенсіз)))))))
DinaAbdigalieva
Бұл пост көптеген сайттарда бар, сол себепті сілеме көрсеткені абзал болар еді)))
Sarsembekovna
«Ана тілі» газетінен оқығанмын.
Zhan
қауым ретінде оқып шықтым
Лореалға ақша таппай бара жатсам кір сабынға жүгінем))))))
Sarsembekovna
Рақмет!!! Ақшаңыз болып жатса да, Лореалға жүгінбей-ақ қойыңыз)))) Табиғи сұлулығыңызды сақтап қалғыңыз келсе, Лореалдан гөрі кір сабынның пайдасы көбірек тиімді.