Елордада «Шаттық-2016» өнер фестивалі өтеді
15 ақпанда Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2016» 10-шы ашық шығармашылық қалалық байқауы ашылуы өтеді. 10 жыл ішінде байқау көптеген жас өнерпаздарға танымалдылыққа жол ашып, білім саласының шығармашылық өмірінің өзіндік қолтаңбасына айналды. Бұл байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін дамытады.
Өз шығармашылығын таныту мақсатында байқауға қатысушылар саны жыл санап көбеюде. Биылғы жылы Астана қаласының 100 білім беру мекемесінен 5000 астам жас дарын әділ қазылар мен көрермендер алдында өз бағын сынап көрмек.
Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі бойынша 15 номинацияда бәсекеге түседі: жеке аспапта орындаушы/ансамбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі.
Бес күн бойы қаланың әр түрлі алаңдарында шығармашылық сайыстар өтеді. 29 ақпанда «Шаттық-2016» қалалық байқауының Гала-концерті және мерейтойлы алтын статуэткалармен марапаттау рәсімі өтеді.
Айта кетейік, «Шаттық» байқауы Рүстем және Мұхаммедәлі Жүгінісовтер, Александра Самарина, Әлібек Әлмадиев, Ділнұр Біржанова үшін «бастама алаңына» айнала білді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/9945
Пікір жоқ әзірше