Елордалық басқармаларға 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Астана жаңалықтары: Елордалық басқармаларға 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтті. Елордалық басқармаларға 1541 өтініш келіп түсті, соның ішінде 660-ы жазбаша түрде жолданған.

Жазбаша өтініштердің басым бөлігі Тұрғын үй басқармасына жолданды – 86, Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына – 45, Жолаушылар көлігі басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС – 43, сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметіне – 35 өтініш келіп түсті.

Басқарма басшылары Астана тұрғындарының сұрақтарына мардымды жауаптар қайтарып, тұрғындар қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, басқармалардың басшылары биылғы жылға арналған жоспарларға тоқталып, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Айта кетейік, елорда тұрғындары өз сауалдарын кез келген уақытта Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына жолдай алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9938
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше