Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты
10 ақпан күні Конгресс-холлда барлық қалалық басқармалардың өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. «Белсенді азамат» акциясы аясында өткен шара барысында елорда тұрғындары қалада тұру жайлылығы мен сапасын арттыру мақсатында қалалық инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сауалдарын жолдады.

Қалалық басқармалардың басшылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдың қорытындысын шығарды, сондай-ақ 2016 жылға арналған жоспарларға тоқталды. Елордалықтар өз сауалдарын жазбаша және ауызша түрде жолдады. Негізінен, балабақшаға кезек, ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй салу, ПИК жұмысы, қаланың көлік жүйесі, аулалардың аумағын абаттандыру мәселелері сөз болды.

Тұрғын үй инспекциясы басқармасына сауалдар көп жолданды. Мекеме басшысының орынбасары Азамат Әміржанов адамдардың басым бөлігі түске дейін келгенін атап өтті.

– Таңертеңнен бері адамдар көптеп келіп жатыр. 20 жуық адам Тұрғын үй инспекциясы басқармасына келді, оларға бәрін түсіндірдік. Кейбір сұрақтарға сол жерде жауап бердік, кейбір сұрақтарды қосымша қарау керек. Азаматтар көбіне тұрғын үй қорына, санитарлық жағдай мен ПИК жұмысына қатысты сұрақтар қояды, деді А. Әміржанов.

Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай кездесулер жергілікті билік пен тұрғындарды байланыстыратын буын болып табылады, сондай-ақ, проблемалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Жалпы, кездесу аясында 1541 өтініш келіп түсті.

Гүлмира, елорда тұрғыны:

— Бұл кездесудің нәтижесі болады деп үміттенемін. Мен Тұрғын үй инспекциясы басқармасынан өзіміздің ПИК туралы сұрамақпын. Олар мәселені шешіп береді деп ойлаймын.

Марина, елорда тұрғыны:

— Мен өз үйімді бұзу туралы сұрамақпын. Мұндай шара қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы. Кез келген адам кез келген департаментке және басқармаға сұрақ қойып, сол жерде жауап ала алады.

Аманжол, елорда тұрғыны:

— Мұндай кездесуге алғаш рет келіп отырмын. Несиені қалай төлеп, болашақта қалай жұмыс табуға болатынын сұрау үшін келдім. Өйткені, қазір жұмыссыз жүрмін. Кездесудің өтетіні туралы смс-хабарламадан білдім.

Айта кетейік, Астана қаласының тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұлғалармен тығыз байланыс орнату үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады. Тұрғындар өз сауалдарын «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы кез-келген уақытта жолдай алады.

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

Астана жаңалықтары: Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты

astana.gov.kz/kk/modules/material/9928
Бөлісу:

1 пікір