Таңдауым - төртінші билік

Анамның айтуы бойынша, мен туған жылдар дағдарыс уақыты болса керек. Үйде кішкентай ғана теледидар болатын, оның өзі жай ғана үйдің мүлкін толтырып тұрғаны болмаса, көрсетіп, қарық қылғаны шамалы. Бір күні анамның әпкесінің үйіне қонаққа барамыз. Сол үйде теледидардан соғыс туралы кино көрсетіліп жатады. Жасым ол кезде 3-те, атылған танкінің дауысынан мен шар етіп жылап, далаға қарай қаштым. Содан кейін теледидар қарауға жүрексінетінмін. Өсе келе теледидардың әр хабарын үзбей көретін болдым. Балалығым ғой, «теледидарға адам артынан кіре ме екен?» деп те ойлап жүретінмін. Ойымды тербеп, өмір атты өзеннің ағысына қабаттастырған, әсемдік пен әдемілік әлеміне енгізген көгілдір экранның құдіреті-ай!

Өмір -өзен күні-түні,
Тоқтаусыз ол ағады.
Өз орнынды таба білсең,
Сонда өмірің бағалы, — деген өлең шумақтары санамда жатталып қалыпты. Дана Абай атамыз айтқандай, әр адам дүниенің кетігіне кірпіш болып қалануы керек. Алайда оған асқақ арман мен нық мақсат қажет. Сөйтіп, сиқырлы қорапшадағы аға-әпкелерімізге қарап отырып, қиялдаған арманым өмірлік мақсатыма айналды. Мен академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультеті журналистика кафедрасының 2 курс студентімін. Өз басым Әзілхан Нұршайықов атамыздан бастап, өткір тілді қаламгерлердің жолын қууды армандаймын. Шынайы тақырып — шынайы өмірден туады. "Өмірді білген- өрбіте жазады, өмірді білмес — өтірік жазады" деген сөз бар. Журналист болсам, өмірден көргенімді өрбіте жазып, шындықтың жолымен жүрер едім…

Достар, бұл менің алғашқы жазбам болғандықтан, өзім жайлы бірер сөз арнағанды жөн көрдім. Асыл сөздің майын ішіп, жілігін шақпасам да жеткізуге тырыстым. Пікір алмасып, баға беріңіздер! Алдағы уақытта жаңа жазбалар күтіңіздер!
Бөлісу:

15 пікір

satibaldi
Сол билікке ұмтылмай-ақ, алдымен қарапайым адам болуға болмай ма, мысалы — дөнер сатушы сияқты?
abilbekova_inabat
"Құласаң, нардан құла" демекші, биліктен бастағаным дұрыс шығар дедім))))))))))))))
RaymbekEgemberdiev
Тақырып және әр абзац бір-бірімен байланыспаған сияқты ма? Немесе қара халық түсінбейтін ерекше астыртын ойы бар стильде жазылған ба?)) Егер солай болса, жазбалар күтеміз )
abilbekova_inabat
келесі жолы сіз бен қарапайым халық түсінетіндей етіп жазамын))
asaubota
қай тақырыптарда жазасыз?
abilbekova_inabat
Әр түрлі тақырыптарда жазуға тырысамын. Көбінесе, басымнан өткен оқиғалар жайлы, іс-шараларға барып қалған жағдайда соларды жазамын.
DinaAbdigalieva
Ооо бір кісі тіркеліпті ғой! Инош, қош келдің, брат!!!%):)
abilbekova_inabat
Қош көрдік, бауырым)
alya
Сәттілік әріптес! Арманына жет!
abilbekova_inabat
Айтқаныңыз келсін! Сіздің де сәттілік серігіңіз болсын!