Төрлеттім Керекинфоға!!!

Алаштың арқа сүйер алтыннан ардақты қазақ жұртым, амансыздар ма?! Ең алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен, Гүлзат Сəрсембекқызы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туып өстім.
Қазақта «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» — деген сөз бар емес пе?! Шынында да арманның өзі өнер ғой. Өмірде 2 нəрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі — мамандық болса, екіншісі — жар таңдау. Өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым — журналистика. Осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін. Осыдан 3 жыл бұрын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне құжатымды тапсырып, бісміллə деп журналистикаға аяқ бастым.
Керекинфоға көкейімде жүрген сын — жазбаларымды жазып жəне де жазу стилімді қалыптастырып, жетілдіргім келеді.
Бөлісу:

4 пікір

alya
Қош келдін! Күтеміз!
Sarsembekovna
Қош көрдік! Күтіңіздер! Бұл бастамасы деп ойлаймын.
ken
Төртте оянып кеткем. Содан бері ұйқы жоқ. Сенде осындай болады ма?
Sarsembekovna
Əзірге мұндай жағдай болған жоқ.