Тірі болғаныма қуанып келемін

Блог - Dawil-Altay: Тірі болғаныма қуанып келемін

Көзімнен аққан жас тамшылары жағамды жуып барады. Жылап, жүгіріп келемін. Жұмыр жерді басып жүрген адам біткеннің бәріне өкпелімін: ішінде өзім де бармын. Сол тебініммен жан ұшыртқан бойы қаланың қақ ортасын жарып ағып жатқан асау өзенге келдім. Өлгім келген ниетпен көзімді жұмған күйде суға секіріп кеттім. Құм араласқан су құлақ, мұрныма кіріп, тынысымды тарылтқан сайын рахаттанып барамын. Қош бол, мынау жалған дүние! Біз бұл тірлікке алданып келгенбіз және сол баяғы алданып қайтамыз.
Дүлейдей толқында жел ұшырған қаңбақша домалап бара жатқан менің төбеме қатты бір нәрсе ұрылғандай болды. Онсыз да арғы дүниеге асығып бара жатқан маған бұл соққы майдай жағып, разы болып ағып барамын. Өзіме де сол керек еді. Көзім қарауытып, ештеңені көрмедім. Қалғып барамын. Артымда қалған опасыз дүниеден құтылғаныма іштей қуанып жатырмын
Қанша уақыт өткенін, қайда келгенімді білмеймін: көзімді сығырайта ашқанда бетіме жарық нұр түсіп тұрғанын ұқтым. Ерінім кеберсіп тұрғандай сезілді. Кенет «Тынысы тоқтамапты. Кеудесінде жаны барға ұқсайды» деген баршын дауыс естілді. Бар қайратымды бойыма жинап, өзенге қайта секіру туралы ой келді. Аяғымды айтпай-ақ қояйын, саусағымның өзін әрең қозғалттым да, талықсып кеттім. Есімді жиғанда «Сорлы бала, басына не күн туды екен деші… Бағы бар екен! Таңертеңгі серуенге ерте шығыппын» деген бағанағы таныс дауыс естілді. Көп ұзамай «Осы жастарға не болған? Басына қиындық түссе болғаны, өздерін өлімге қияды» деген өзге адамның дауысы шықты.
Мені сөз етіп жатқан екі адамды «Өлер жолымды тосқанмен қоймай, мені жазғыруларын қарашы оңбағандардың!» деп ішімнен тілдеп қоямын. Амал не, аузым икемге келмей жатыр… Бәрін қойшы дедім де, өткенімді ой елегінен өткізе бастадым.

***

Қазақтың қарапайым сөзімен айтқанда, ес біліп, ат жалын тартып білгенше рахатта өсіппін. Әкем ауқатты адам болған соң бір үйдің жалғызы болсам да маңымдағы ауылдың қара домалақтары сияқты жастайымнан қабырғам қайысып еңбек етіп көрмедім. Сыныптастарымның мені сыртымнан «ақ саусақ», «байбатша», «жатып ішер» секілді лақап аттарымды боратып жүргендерін естіп қалсам, сәті түскенде ұстап алып, сазайларын тарттыратынмын. Денемнің зорлығынан ба, әлде әкемнің ақшасының молдығынан ба, әйтеуір олар бетіме айтуға батпайтын, ал сабақ үлгерімім алға шықпаса да, көштің артында қарайып қалып көрмеппін. Сосын әкемнің ауқатының арқасында орта мектепті де, жоғары оқу орнын да табысты бітіріп, үйдегілердің арманын орындадым-ау әйтеуір, себебі оған дейін менде арман болып көрмеген. Бар арманым — үйдегілердің тілегін орындау еді. Жоғары оқу орнындағы кезімнен бастап топтастарыммен бірге басқосуларға барып, басқалармен танысып, араласа бастадым. Көк түтін мен ақыл аздырар ащы суға да сол кезден бастап үйір бола бастадым. Оның үстіне еш мақсатсыз жүрген мен сияқты далбайға бұл да бір табылмайтын ермек болды. Бұл әдетім қазіргі салық қызметкері болып жүргенге дейін жалғасып келді.
Қалай екенін білмеймін, әйтеуір басқан қадамдарымның барлығы сәтті болып, қызметке де оп-оңай орналастым. Өзім армандаған қызға үйлендім. Шынымды айтсам: ол менің ең алғашқы арманым еді. Кезінде жоғары оқу орнында оқып жүргендегі топтас жігіттердің «өлдім-талдым», «сүйдім-күйдім» деп қыздар үшін жылап, сырларымен бөліскенде оларды түсінетіндей кейіп танытқаныммен, ішімнен «Аз күндік алданышқа жүрегін ауыртып жылаған ақылсыз жігіт-ай» деп күлетінмін. Мүмкін менің көзқарасым тұрғысынан олардың бәрі ақымақ болған шығар…
„Күлген күле жетер, екі етегін түре жетер„ демекші, мен де бір қызға (қазіргі әйеліме) өліп-тіріліп ғашық болдым. Менің шынайы сезімімді сезінген болар, ол да мені ұнатып, көп ұзамай тойымыз да болды. Жыл артынан жыл өтіп жатты. Екі ұлдың әкесі болып үлгердім. Әкем мен шешем өмірден озды. Осылайша өмір заңы бойынша күндерім бір қалыпты өтіп жатты.
Осыдан екі жыл бұрын біздің көршіміз сыйлықты лоторея билетінен миллион юань ұтып алып, бір күннің ішінде миллионер болып шыға келді. Тосыннан байып шыға келген көршіме қызыға да, қызғана да қарап жүретін болдым. Миллион дегеніңіз мына мен сияқты қарапайым салық қызметкері өмір бойы тырбаңдаса да жинай алмайтын ақша ғой. Сонымен қойшы әйтеуір, мен де мекеменің қасындағы сыйлықты лоторея билетін сататын дүкенді төңіректей бастадым. Ең алғашында 10-20 юань мөлшерінде бағымды сынап жүрдім. Кейде ұтамын, кейде ұтыламын дегендей. Бір күні билет сататын дүкеннің ішіндегі екі бейтаныс адамның үйін сатып, сыйлықты лоторея билетін алу арқылы байыған тәуекелшіл жан туралы әңгімесін құлағым шалып қалды. Сосын бір алғанда бірнеше мың юаньның билетін бірақ алуға шешім қабылдадым. Бар тапқан айлығым бір апталық лоторея билетін сатып алғанға жетпейтін болды, сондықтан үйдегі қорға қол салатын, достарым мен туыстарымнан қарыз алатын болдым. Барлығы құрдымсыз құдыққа түсіп жатты. Ең ақыры жоғары өсімді қарыз алып ойнауға дейін бардым, бірақ үмітім ақталмады. Ақыры үйімді де сатып жібердім. «Құмарпазға қашанғы еремін?» деген болуы керек, әйелім де менен ажырасып кетті. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ, күнде сыйлықты лоторея билетін сататын дүкенге барып, көк экранға қарап телміріп отырамын. Менен қарызын алғылары келгендер ұялы телефоныма маза бермейтін болды. Оларға «Бір аптада қайтарамын» деген жаттанды өтірігімді айтамын.
Менің „бір аптам„ бірнеше аптаға жалғасқан соң мені сотқа сүйреп апарғылары келетін адамдар шықты. Ақыры жұмысымнан да айырылдым. Сөйтіп жүріп қарыз берген адамдардын аузы-мұрным қанағанша таяқ жедім. 100 мың юаньнан басталған қарызым 500 мың юаньға дейін жетіп, бір басымдағы жалпы қарыздың өзі миллионнан асып жығылыпты. Оңаша отырсам уайымға батамын, ал сыйлықты лоторея сататын дүкенге кірсем – қайғы-мұңнан арылып сала беремін. Дүкенге күлімсірей кіріп, күңірене шығамын. Осыдан бір күн бұрын таныстардан қарызға алған 400 юаньнің бәрін лоторея билетіне салдым. Айналамда маған қазыр беретін адам қалмады. Танауым жер иіскеп, жалға алған жер асты жатақханама қарай тарттым.
Қарным аш. Бар ақшаны қағазға айырбастаған мен ақымақ екенмін. Мен сол түні көп ойландым. Таң ата келе „Бұлай адам болып жүргенше, өлгенім артық„ деген тоқтамға келдім. Бөлмемде жазу жазатын қағаз да қалмапты. Ақыры қалтамдағы лоторея билетін алып, қолымдағы қарындашпен әйеліме „Екі ұлыма жақсы қара. Мен кеттім мәңгілікке… күйеуің — Досжан„ деп соңғы сөзімді жаздым.
Одан кейінгі әрекетімді жоғарыда жаздым. Осы уақытқа дейін не болғанын ой елегінен өткізіп жатқан кезде мені аман алып қалған екі қарияның бірі радионы қосты. Радиодан «Бүгін сыйлықты лоторея билетіне шыққан нөмірлер: 2, 8, 10» деп хабарлады.
Бұл мен бағана соңғы сөзімді жазған билеттегі сандар ғой! Ақшаны ойлағанда бойыма қайрат бітті ме, әлде жақсылап тынығып алдым ба екен, орнымнан атып тұрдым да жатақханаға қарай тарттым. Келсем, билетім орнында тұр екен. «Уф» деп демімді ішке тарттым да, қолым қалтырай сыйлықты лоторея билетін сататын дүкенге жүгірдім. Жүрегімдегі өлімге деген құлшыныс өшіп, тірі қалғаныма қуанып келемін.
Дүкендегі сатушыға билетті көрсетіп, оның жол сілтеуімен банкке тарттым. Ұтып алған қаражатымды қолыма алып, қарызымнан құтылдым.
Екі аптадан кейін… үйімді қайтадан сатып алып, әйелім де қайтып оралды. «Ауызы күйген үрлеп ішеді» дейді ғой. Содан бастап лоторея билетіне жоламайтын болдым. «Татқаны — бір, тағдыры — бөлек» жандар-ай! Ең соңғы билеттен сыйлық шықпаса, көмусіз қаларым даусыз еді… Дауысымды шығара «Тәубе!» дедім.
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
Қытайлық бауырымыздың әңгімелерінің мәтінін реттеп беретін жақсы адамдар болса…
ademi_alem
Реттеп отырмын. Күтіңіздер.
asaubota
ой, рахмет! маған жіберерсің, қойып беремін
ademi_alem
„бажы кадры„ деген не?
ademi_alem
қазыргы бажы кадры болып, жұргенге деиын жалғасып келды…
ken
автор кеден қызметкері болып жұмыс істейтін болса керек
asaubota
Қытайда көп ойнай ма лотерея? спорт жарыстарына бәс тігу ше?
Dawil-Altay
бажы кадры деген ұкыметке алман-салық жиып беретын ұкымет қызметкеры. қытаида негыз ұкымет қызметкерлерын кадр деиды.

бұл арабша хаттан сестама боиынша тоте аударылды. реттеп бергеныңызге рахымет.
Dawil-Altay
Асау Бота ассалаумағалаикұм!

мен пекинде тұрамын, бұл нақ қытаи тұрмыснан алынған қытаи ұлты азаматының аңгымесы, ал быздың қытаидағы қазақтар бұндаи дұнэ оте аз оинаиды. негыз бұл жақта латеря оиын тұры коп.
ken
Баж — салық; кедендік алымдар (парсы)
Соған қарап кеден қызметкері шығар деп болжап едім, салық қызметкері екен.
ademi_alem
„Екі ұлыма жақсы қара. Мен кеттім мәңгілікке… күйеуің — Досжан„ деп соңғы сөзімді жаздым.
Әйеліне „Кешір„ деп бір ауыз сөз жаза алмағанына жыным ұстады. Соңы мұндай жағдайда аяқталады деп еш ойламадым. Қайта жолы болған екен, ал жолы болмағандар қаншама. Өліп кетпесе де, құмар ойынының кесірінен екі жаққа кетіп жатқан ерлі-зайыптылар бар.
asaubota
былай оқиға желісі бойынша нашарлау әңгіме :)
тым жеңіл финал мен хэппи энд ;)
Dawil-Altay
Зарина салем!
кешырым сұрағаны дұрыс болмаған, аңгымедегы шалағаилық қои!
аңгымемды тұзетып қоиғаныңа рахымет аитамын.
%)
ademi_alem
Оқасы жоқ. Жарияламас бұрын маған жіберіп, түзетіп алсаңыз болады. Негізі төте жазуды да оқи аламын, бірақ төте жазу қаламсаппен емес, клавиатурамен терілген болса.
ademi_alem
Өмірде дәл осылай болуы мүмкін бе екен? Не деген жолы болғыш адам.
Dawil-Altay
сізге аңгымемды қалаи жолдасам болар؟
Dawil-Altay
мына E-mail меныкі: 269823301@qq.com
Dawil-Altay
ademi_alem
бұл болған адам. пекиндегы қытаидың аңгымесы, қазыр ол адам салон (сатрашхана) ашады
ken
Сартарошхона дегенді бізде шаштараз немесе сұлулық салоны дейді.
boztorgai
аптыр бір құдай сақтағанына шүкірлік қып отырса керек негізі.
тірі болғанына(қара жер басып жүргеніңе) қуану — ол басқаша ма деп қалдым
ken
Дұрес аита сез.
Автор негізі былай жазған еді — "Қуанып келемін тірі қалғаныма".
AlashkyzyAikumis
Бұл оқиға бір кісіні еріксіз еске алдырдығой