Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...

Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
Адам адамға сыйлық жасағысы келсе, бағалы бұйымдарды ойлай бастайды. Қалтасындағы теңгетайларға қарап, жете алмаған затына қамығады. Кейбірі қымбат ұялы телефон алғысы келіп, ата-анасына ауыртпашылық салып бес жылдық кредитке бірақ салады. Пенде болғандықтан айтылған мәселені құр оқығаннан басқа түзетуге қадам баспаймыз ғой. Маған кішкене кезімнен біреуден қарызға ақша алуға немесе қарыздар болуға тыйым салып келген. Егер қалаған нәрсені алуға қаражат жетпеген кезде, өзімше қор жинаймын. Жеткілікті мөлшерде болғанда ешкімге масыл болмай, мойныма кредит қанжыламай, қалаған затыма қол жеткіземін. Адамның қиялы ұшқыр болып келеді. Бірде-бір ақша шығармай, ешқандай сөрелерден сатып алмайтын, ешкімде болмайтын заттарды жасап шығаруға болады. Сіздерге мен жасаған сыйлықтар топтамасын ұсынғым келеді. Мүмкін, пайдам тиер!

1. Купон. Ағамның туған күніне бергенмін. Қашан жасағаным есімде жоқ. Аздап, ұялып тұрмын. Бірдеңе орысша жазыппын ғой. Оқыған сайын күлкім келеді.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
2. Ине мен жіпті ермек қылу. Негізі тоқу білсеңіз, тіпті, керемет болады. Өзімше, жүрек пішінді ине қадағышты тігіппін.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
3. Оригами. Қағаздан неше түрлі пішіндерді жасау. Көбіне хобби ретінде ұнайды.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
4.Мотоцикл. Ер балаларға арналған сыйлық. Жап-жаңа ғана жасадым. Қолдан-қол қалмады. Қиын екен. Қайта көмекке көкем келді. Бірігіп шаруаны тез тындырдық.
Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...Блог - DinaAbdigalieva: Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
P.S.: Негізі сыйлықтың көлеміне, бағасына назар аудармаған жөн. Адамның көңілі шынайы шын ықыласпен тарту еткен заты әрқашан жылы қабылданады. Кешеден бері бойымды бір сұрақ кернеп барады. Ал қазір өз қолымен жасаған заттарды адамдар бір-біріне сыйға тарта ма? Әлде нарыққа кіргеніміз соншалық сыйлықты ақшаға сатып алғанды жөн көреміз бе? Ал сіз өз қолыңызбен сыйлық жасап көрдіңіз бе?
Бөлісу:

6 пікір

MERmukhanov
:) мадес
DinaAbdigalieva
Рақмет, ағай. Шынымды айтсам, ұнағанына қуаныштымын. :j
bake
Мектепте 4 класс оқығанымда еңбек сабағында сіріңке қорабынан үлкендеу ине қадайтын «жастық» жасағанмын. Үйге әкеліп анама сыйладым. Бұйымды қолдан жасап, оны сыйлық ретінде бергенде еңбегінді бағалайтын жан болғаны қандай жақсы. Кейін, мектепті бітірер жылы көршінің кіштентай қызының шарқайы тозып кеткенін байқап оған ескі етіктен жаңа шарқай тігіп бергенмін. Қазір балалардың терапевті. Қазір ондай сыйлық өтпейді ғо…
DinaAbdigalieva
Иә, мектеп кезімізде неше түрлі заттарды жасаушы едік…
AygerimErmahankyzy
андағы мотоцикл мен аққу ұнады)
DinaAbdigalieva
рақмет, өзіме де осылар ұнаған:J