"Бізге сөйлей бермей, жұмыс жасау керек" [с]

Блог - BalgynBalgyn: Бізге сөйлей бермей, жұмыс жасау керек [с]
Өткееееенде журналым үшін Ғалымжан Молданазардан сұқбат алғанмын. Бір сағаттан аса әңгіме соқтық. Журналдың екі бетіне көөөп әңгіме сыймай қалды, әдеттегідей. айтылған сөздер "өліп" қалмасын деп, өзгеріске ұшыратпай, толықтай осында салайын деп ойладым. Ғалымжанның фанаттарына, тыңдармандарына қызық болар.
Блог - BalgynBalgyn: Бізге сөйлей бермей, жұмыс жасау керек [с]

Жанрыңыз туралы нендей пікір естіп жүрсіз?
Көбінесе өзім сын айтпаймын. Орынсызын тыңдамаймын. Бірақ «өнерің қазаққа тән емес» дегенді көп естимін. Сол қазаққа тән емес деп айтатын адамдар, жақсылап ойланыңыздар! Сіз киіп жүрген киімді, ұстап жүрген телефонды қай атаңыз пайладанды? Үстіңіздегі қара костюм шалбарды ата-бабаңыз киген ба? Соны қазақи деп ойлайсыз ба? Киіз үйде тұрыңыз, сонда таза қазақ боласыз. Жұмыс істемеңіз, қоғамдық көлікпен жүрмеңіз, атпен жүріңіз. Көшпенді өмірмен өмір сүріңіз, сонда қазақ боласыз. Мен – қазақпын. Тілім – қазақ, жаным — қазақ. Осындай пікірді есту маған ауыр тиеді. Шал болсын, жас болсын, кәрі болсын айнаға дұрыстап қарап алсын. Теледидар қоссаңыз, бес-алты шал жиналып алып, жастарды жамандайды. Ақылды болса, неге олар жастарға бағыт бермейді?

Кім айтты оны сізге?
Үлкен кісілер айтады. Жап-жас болып алып шал мен кемпірдің сөзін айтатын ұл-қыздар бар. Содан кейін менің айтарым: жастар, қартаюға асықпайық. Сөйлеген сөзі, іс қимылы өмірді көріп тастаған адамға ұқсайды. Қартаюға асықпаңыздар. Өйткені, ертең қартайған кезде артқа қайта алмайсыздар. Кәрі болу бәріне жазбаса да, қартайғанда сіз жас бола алмайсыз. Жас кезде жас адамша өмір сүру керек. Көп жастар кездесті, оларға жаным ашиды. Өзін ұстауы, істеп жүрген дүниесі жасына сай емес. Үлкен кісілер: «Ой, осы бала адам болады»,-деп мақтайды. Өмір деген үлкен кісінің мақтағаны емес, өмір — өзіңдікі.

Блог - BalgynBalgyn: Бізге сөйлей бермей, жұмыс жасау керек [с]

Бір әннің толық дайын болуы үшін қанша уақыт жұмсайсыз?
Оны нақты айта алмаймын. Өйткені әр әннің уақыты бар. Несібесі бар. Кейбірі тез шығады, кейбірі ұзақ. Жылдап жатқаны бар. Өзіме ұнайтын ән. Тезірек шығарғым келеді. Бірақ болмай жатады. Өзім үшін істегеннен кейін, «мына уақытқа үлгеруім керек» дегенді ұнатпаймын. Тойдың маусымы келе жатыр деп жанталаспаймын. Мен үшін мезгіл жоқ. Өмірімнің соңына дейін осылай әндерді шығарып кетуге тырысамын. Тойға шықпағаннан кейін шоу бизнеске қатты қатысым жоқ. Барлығы өмірдің ағымымен болады.

Барлығы өз уақытымен дегенді жиі айтасыз, иә?....
Негізі солай ғой. Шынайы болу керек. Сол үшін асықтырып, өтірік бітіре салу керек дегенді ұнатпаймын.

Тағдыр дегенге қатты сенесіз-ау?!....
… Тағдыр десіз бе?! Әркімнің өзінің тағдыры бар ғой. Сенемін… Бірақ, әр адам өз тағдырын өзгерте алатынына да сенемін. Толықтай 100 пайыз болмаса да, көп нәрсе адамның өз қолында.

Сізді құпия әнші, ерекше дейді. Қалай қабылдайсыз?
Шынында, ол кісілерге мен басқаша көрінетін шығармын. Мен бір ренжитінім — әріптестерім той үшін ғана жұмыс істеп жатыр. Музыкалық арналарды ашып қарасаңыз әндердің барлығы тойға арналған. Қай ақын жазса да, сөзі «Той құтты болсын!» дегенді меңзейді. Немесе сөзі мұңлы махаббат туралы болса да, музыкасы тойда адамдарды билетуге арналған. Басқа ешнәрсе жоқ. Халық та сондай музыкаға үйреніп қалған. Негізінде ондай әнді теледидардан көрсетпеу керек. Мен сияқты біреу шықса, кейбіреуіне ерсі көрінеді, кейбіреуі ерекше дейді, кейбіреуіне ұнап та жатыр. Ең бастысы мен өзім үшін жұмыс істеймін. Біреуге ұнап жатса, қуанамын.

Сізге «қиялисың» демейді ме?
Ондай пікір бала кезден көп айтылады. Жалпы өзіме өзімнің өмірім ұнайды. Істеп жатқан дүнием де ұнайды. Өзін-өзі алдайтындар және басқаны алдайтындар – олар бақытсыз адамдар. Өйткені, адам жан дүниесі қаламаған нәрсені істеу, ақша үшін болсын, біреудің көңілі үшін болсын, біреуге ұнау үшін болсын, ол — адамдар бақытсыз адамдар. Өйткені, ол адам — жоқ адам. Ол адам жоқ. Ол — әркімдікі. Музыканы тек ақша табу үшін жазып жүретіндері өкінішті. Түгел болмаса да, көбісі солай жұмыс жасайды. Оны бәрі біледі.
Блог - BalgynBalgyn: Бізге сөйлей бермей, жұмыс жасау керек [с]

Сити-поп 60 жылдары Жапонияда, Ұлыбританияда пайда болған. Бізге енді келуі заңды сияқты...
Мен ешнәрсеге ренжи алмаймын. Көбісі бізде Қазақстан нашар, жаман деп жатады. Жалпы халықта сондай сөз көп. Бірақ білмеймін мен ешқандай жамандық көрген жоқпын. Мектепті тегін оқыдым, тегін кітап. Ешкімнен жамандағым келмейді. Тек орныңнан тұрып қимылдасаң бәріне жетуге болатын мемлекет. Ешкім саған жоқ демейді. Қой демейді. Тек өзің таза жүріп, таза еңбегіңді істе.
Басқа жағын білмеймін, бірақ шығармашылық жағынан біраз қалып кеткенбіз. Кеше ғой біздің егемендігімізді алғанымыз, сол үшін ол жаман емес. Орынды нәрсе. Ешкім бірден дамып кеткен жоқ. Қазіргі уақытта әлем деңгейіндегі жұлдыз кім болса, дәл соныкіндей телефонды біз де ұстап жүрміз. Тура сол техника бар. Тек бізге жасау керек. Сөйлей бермей. 2000 жылдан бастап әншілер жиналып алып, фонограмма туралы әңгіме айтады. Естігім келмейді ендігі. Тек айта береді, айта береді. Бірақ өздері сол фонограммамен әлі сол тойда жүр. Тек істеу керек. Сол кезде бірнәрсе өзгереді.

Қазақтсандықтардан кімді тыңдайсыз сонда? Роза Бағланованың әндерін тыңдайтыныңызды білемін...
Иә, оркестрмен жазылған әндерін тыңдап, қатты таңқалдым. Өзіміз ән жазғаннан кейін, оркестр жазып көру — арман. Өзімнің тірідей жазуға қызығушылығым көп. Одан кейін жасырмаймын, Мейрамбек Беспаевты кішкентайымнан ән айтқаны ұнатамын. Құрмаш Маханов, Орда, Бақытжан Қажмұқанов — сазгер, Дос-Мұқасан.
Блог - BalgynBalgyn: Бізге сөйлей бермей, жұмыс жасау керек [с]

Материалдық жағдайдан көп қиналғаныңызды айыпсыз. Қазір жағдайыңыз қалай?
Жаман деп айта алмаймын. Шүкір. Өйткені, әке-шешем бар, балаларым бар, отбасым бар, екі ұлым бар. Жаман деп айта алмаймын. Өмір солай өзі. Бірде — жұмсақ, бірде — қатты. Ең бастысы, тіріміз, келе жатырмыз. Бірақ материалдық жағынан менің қатты ойлайтын мақсатым бар. Негізі мен байлыққа жетуге тырыспаймын, оған қызығушылығым жоқ. Менің бір ғана арманым бар. Ол менің отбасым, ұлдарым болғаннан кейін өз үйім болса деп армандаймын. Құдай қалса, сол үйге жетсек… Жалпы жақсы. Аш емеспіз, тоңып жатқан жоқпыз.

Бірақ ондай кездер өтіп кетті дейсіз ғой
Ондай кез болды. Бірақ мен оны жыламсырап айтпаймын, ол кездің де жақсылықтары бар. Қиналдым деп айта алмаймын. Иә, далада ұйықтап, аш жүргенім рас. Ол кезде қиналып, түңіліп, ананы кінәлап, мынаны кінәламадым. Көбінесе адамдар өзінің кемшілігін, сәтсіздігін біреуден іздегісі келеді. Мен ешқашан біреуді кінәламаймын. Сол себептен маған оңай. Біреуді кінәлағаннан гөрі сол жағдайдан шығуға тырысамын. Біреуді кінәлаған адам – жеңілген адам. «Жеңілгеннің сөзі құрысын»,- дейді ғой. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ.

ӘЛІ БІТКЕН ЖОҚ. ЖАЛҒАСЫ БАР
Бөлісу:

21 пікір

Basic
Бір сағаттан аса әңгіме соқтық.
Мұныңыз енД…
patick
Ғалымжан музыкант ғана емес, интеллектуал. Қай әнші осылай ашылып сөйлей алады? Қай әнші шынымен глобальный мәселелерге сөз қозғап, ақылды нәрселер айта алады? Менің есімде жоқ.
BalgynBalgyn
менің де. сұрақ қойсаң шәйіп кетеді ғой өзі туралы айтып әнші-пәншілер
ken
тойда қырып ақша тауып жүргендерге неғылатын сияқты
solnce
әні ұнамаса да өзі ұнайды қатты
YanaPetrova
қазақ қоғамындағы душевный, гений әншілердің бірден бірі дегім келед әндерін тыңдасам… жалпы түрі, келбеті айтып тұр қандай екенін.маған ұнайды ең алғаш естігеннен әнін жүрегім дір еткен
Nodar
Көкірегі ашық, честый адам екен. Табиғатынан интеллектуал (Бродскийді жатқа соғу, 7 тілді білу сынды дүниелермен шатыстырмаңыздар). Ұнады.
Daniar-Alan
Көкірегі ашық
мұныңыз енД ))
Rozatai
Ғалымжанның ойлары ұнады, әндерін ваще обожаю.
Автор, жоғарыдағы бір сұрақта «ситипоп» дегенді «синти-поп» деп өзгертіп қоюыңызды сұраймын.
Сосын, мұндай қызықты кейіпкерлердің сұхбатын барынша мұқият тексеріп, қателерін жөндеп барып, салған дұрыс сияқты. Оқырман кейде қызықты материалдың әріптік қателерін көргенде ары қарай оқығысы келмей қалады. Сұхбатыңызға рахмет!
BalgynBalgyn
ок! сізге де рахмет!
ken
«ешкімді кінәламаймын» деп қайталай бермегенде сонысына сенер едім. ол — ол ма, тіпті «кінәлайды/кінәламайды» деген ой қиялыма кіріп те шықпас еді.
Көп жастар кездесті, оларға жаным ашиды. Өзін ұстауы, істеп жүрген дүниесі жасына сай емес. Ол нәрсе дұрыс емес. Үлкен кісілер мақтайды: «Ой, осы бала адам болады»,-деп. Өмір деген үлкен кісінің мақтағаны емес, өмір — өзіңдікі.
2 айыптау көріп тұрмын — 1. Мен секілді өмір сүрмей, басқаша — «серьезный» боп жүреді. 2. Онысын үлкендерден мақтау есту үшін жасайды.

Сұхбат алушының «Бір әннің толық дайын болуы үшін қанша уақыт жұмсайсыз?» деген сұрағына жауап беріп отырып, арасына «Тойдың маусымы келе жатыр деп жанталаспаймын» дегенді қосып жіберу арқылы да біреулерді жанама түрде түйреп өткен ба, қалай? :D
DinaAbdigalieva
Бұл әнші сырттай танимын. Яғни, Алыстама әні арқылы ғана. Жалпы, жаман емес
BalgynBalgyn
сырттай таныймын

:):):):):):)
Boribay_Bekarys
:) сырттай танимын.
Бір дүкеннен памперс алып жүрміз дейсің ғұә))
Boribay_Bekarys
Жарықтық, ішіп алса пәлсапа соғатын, өмір жайлы ән айтатын сияқты ғо
konvict
Алып бара жатқан ештеңе айтпапты. Жалпы көп жерде айтылып жүрген пікірлер. Дегенмен, әндері күшті. Ұнайды
bazuka
Жалпы ойы, ұстанымы ұнады!
zholantai
рахмет, ойлары күшті, эсквайерге сұранып-ақ тұр,
жалғасын күтем, тездет, Балғын :)
MamaAya
Әндерін плейлистке ендіріп, повторға қойып тыңдаған емеспін. Бірақ, ерекше, өзіндік стилі бар, тартымды әнші. Арнайы іздеп ол туралы ізденіп, әндерін скачаттамасам да түсімде не в тему осы жігітті көріппін. ;) мені ойлаған ғой димO_o